Түркістан облысындағы тауда ер адамның жүрегі тоқтап қалды
Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды.

Фото: alashaqparat.kz
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалыпты.
"Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз", - дейді басқармадағылар.
