Мазмұнға өту
Атырау облысы
50 жазбалар5 тіркелуші

Атырау облысы – Қазақстанның батысында орналасқан аймақ. Аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ. 1938 жылы Гурьев облысы болып құрылған. Қазіргі атауына 1992 жылы ие болды.

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ауқымды жобалар: экономикалық даму және жұмыс орындары

– Бұл бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қолға алдық. Мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобаны іске қосамыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Соның ішінде полиэтилен зауытын ерекше атап өткім келеді. Бұл – шетел инвесторларымен бірге іске асырылып жатқан маңызды жо…

0
0
116

Қазақстан ТЖМ мен NCOC өзара ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді

26 қараша күні Атырау облысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және North Caspian Operating Company компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Рую арасында үшжақты кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласы объектілерінің қауіпсіздігін күшейтуді, сондай-ақ авариялық жағдайларға ден қою мен алдын алудың жаңа әдістерін әзірлеуді және енгізуді талқылады. Қатысушылар ықтимал тәуекелдер мен қауіптерге жедел ден қою үшін ТЖМ мен NCOC арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі жақсарту қажеттігін атап өтті.«Мұнай-газ саласының Қазақстан үшін маңыздылығын және ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қою қажеттілігін ескере отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен «Теңіз Жа…

0
0
174

Қызылқоға ауданында өрт сөндіру депосы ашылды

Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және сала мамандары мен ардагерлері қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Өрт сөндіру депосы аудандардың ішінен алғаш рет Қызылқоғада ашылды. Жаңа ғимарат қызылқоғалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Өрт сөндіру бөлімінің жаңартылған базасы аудан аумағында орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді,- деді С.Шәпкенов.Шара барысында ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың қауіпсіздік сақтаудағы жауапты қызметін атап өтті.Кейін қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің аумағына көшеттер отырғызды. Аудандағы ескі өрт сөндіру бекеті көп жылдан бері типтік ем…

0
0
196

Атырауда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Салтанатты шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов, сала мамандары мен ардагерлері қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Дала еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған Серік Шәпкенов саланы дамыту бағытында жүріп жатқан жұмыстарға тоқталып, әкімдіктен қолдау жалғаса беретінін айтты.- Бұл сала азық-түлікпен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамыту басым бағыттардың бірі болып келеді. Ауыл шаруашылығы саласы – азаматтарымыздың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ел экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Күнделікті тыныс-тіршілігіміздің күретамыры іспетті отандық аграрлық сектор сала қызметкерлері еңбегінің арқасында қарқынды дамып келеді. Кең байтақ Отанымыз бен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі тек сі…

0
0
212

Атырауда Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай поэзия кеші өтті

М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов пен ұрпақтары қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Шара шымылдығы «Фариза -рух жанартауы» атты театрландырылған музыкалық-поэтикалық-мультимедиалық қойылыммен түрілді. Кейін аймақ басшысы Серік Шәпкенов құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. - Фариза Оңғарсынова - ұлт мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан қарымды қаламгер. Ол төл әдебиетімізге жаңа леп әкеліп, қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Халқының ыстық ықыласына бөленіп, поэзия падишасы атанды. Қайсарлық пен қайраткерліктің символына айналған сыршыл ақын ер мінезімен, ершіл жырларымен дараланды. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді…

0
0
161

Атырауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Дәстүрлі жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, авариялық құтқару мекемелеріне жеке-жеке барып, құрал-саймандармен, арнайы техникалармен танысты. Күрделі метрологиялық жағдай туралы Атырау қаласы мен барлық ауданда сағат 11:00-де сирена ойнап, төтенше жағдайлар департаментінде оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды. Қазір «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Үзіліс-3003» сигналы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі 22 қарашада «Атырау облысы Су Арнасы» КМК аумағында және республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолы бойында өтеді.Жалпы оқу-жаттығуға барлығы 252 жеке құрам және 131 бірлік техн…

0
0
147

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті

18 қарашада облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы жиында өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталып, этносаралық тұрақтылықты сақтауда бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл айналамыздағы геосаяси ахуал күрделеніп тұрған қазіргідей сын сағатта аса маңызды. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Тәуелсіздік пен отаншылдық бірлік пен ынтымақтың негізін қаласа, әділдік пен жауапкершілік заң мен тәртіп…

0
0
192

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Марлен Қасенов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.Марлен Маратұлы Қасенов 1987 жылы 25 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.2006 жылы – Астана қаласының сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы – РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын маркетинг, аймақтық және муниципалдық менеджмент мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі:2007-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық ұйымдарында қызмет атқарған;05.2012 жыл…

0
0
192

7 қарашада Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен тасқынның алдын алу туралы жиын өтті

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырауда жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Жылыой ауданы Құлсары қаласында Құрсай каналының 32 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Мұндай жұмыстар осы айда Жем өзенінде басталды. Жалпы ұзындығы 55 км болатын жағаның 1,5 км тазарып-тереңдетілді. Бұдан бөлек 58 км қорғаныс бөгетін салу жоспарланып, оның 24 км-і тұрғызылды,-деді С.Шәпкенов.Облыс әкімі жиында су шаруашылығы құрылыстарын басқаруға алу үшін «Табиғат» мекемесі құрылғанын айтты.- Тасқын кезінде тұрғызылған 590 км бөгетті облыс теңгеріміне алу жұмыстары жүріп жатыр. Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болса, жаңадан тұрғызылған бөгеттерді нығайтамыз. Жайық өзенінің өткізу қабілетін арттыруда Каспий теңізіне шығыс бетте…

0
0
170

Атырауда мектептердің басқару құрылымын кәсіби оқыту семинары басталды

4 қарашада аймақтың 50 мектебінің басқарушы командаларын «Атырау жаңа мектебі» жобасы шеңберінде кәсіби қайта даярлау бағдарламасы басталды. Бұл сәуірге дейін жалғасып, заманауи білім беру жүйесін басқарудың тиімді менеджмент құралдары мен әдістерін үйретеді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, педагогтердің біліктілігін арттыруда қажетті қолдау көрсетілетінін айтты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Педагог — ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды»,-деп атап өтті. Бұл орайда білім беру саласының жаңашыл көшбасшыларын даярлауға баса мән беріледі. Себебі сіздер балаға білім беріп қана қоймай, ол…

0
0
211