Жаңа
«Сағыныш-көктем».
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының матчы.
22 сәуір. Зияткерлік меншікті қорғау күніне арналған брифинг өтті
Кеше, 22 сәуір күні Қазақстан Баспасөз клубында «26 сәуір — Бүкіләлемдік зияткерлік меншікті қорғау күні. Контрафакт өніммен және қарақшы бағдарламалық жасақтамамен күрес» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Шара жүзінде Hewlett-Packard, Microsoft және Great Yassa зияткерлік меншікті қорғау жолдары, қарақшылықпен күресу қажеттілігі және де осы мәселелерді шешу арқылы қандай пайда көруге болатыны жайлы айтып кетті. Бриффингке қатысқан спикерлер: Тина Роуз, Европадағы, Таяу Шығыс елдері және Африкадағы Hewlett Packard компаниясының контрафакт өнімге қарсы күрес бағдарламасының менеджері; Арыстан Жолдасбеков, Microsoft компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қарақшылыққа қарсы күрес жөніндегі менеджері; Дәулет Таженов, Great Yassa заңгерлік компаниясының аға заңгері. IT саласын…
Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігімен «Қорғас» қылмыстық ісінің тергелуі аяқталып, айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокурорына жолданды.
Алматы қаласының прокуроры айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін іс а.ж. 12 сәуірінде Алматы қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды. Айыпталушыларға және олардың қорғаушыларына көлемі 35 томды құрайтын айыптау қорытындылары табыс етілді. Сотқа түскен қылмыстық істердің көлемі 1576 томды құрады. Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік және кедендік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары қолдау көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық схемасы ашылды. Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз еткен. Қытайдан Қазақстанға тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу, қылмыстық жолмен табылған а…
Әскери-спорттық ойындар жалауын көтерді
Биыл Қазақстан Қарулы Күштері 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде тұңғыш рет атап өтпек. Мерекеге орай 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасында Қарулы Күштер тарихында тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізілмек. Аталған мереке аясында Қорғаныс ведомствосында бірқатар игі істер атқарылып жатқандығы жұртшылыққа аян. Сондай шараның бірі Астана қаласындағы «Жас ұлан» метебінде бүгін тұсауын кесті. «Жас ұлан» республикалық мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының жүлдесі үшін әскери-спорттық ойындар алғаш рет жалауын көтерді. Салтанатты сап түзеген түлектерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығы генерал-полковник С. Жасұ…
Маңғыстаудың Ақтауы...






















«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме
Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында "Астана жастары, әскер - біртұтас" атты әскери-патриоттық көрме өтті. Алаңда халық көп. Отан қорғаушылар мерекесін тойлау басталып кетті! Әскер қатарындағы жауынгерлер дайындық үстінде. Әскери-патриоттық көрме және мерекелік жиныға жиналған саптағы отан қорғаушылар сақадай сай. Бәрі жүрегіне қолын қойып, хормен әнұран айтуда. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Ортаға тұғыры биік Туымызды ардақтап алып шықты. Оқтай тізілген Отан қорғаушылар. Бірдей киім, бірдей қимыл. Темірдей тәртіп. Иә, бұлар - біздің мақтанышымыз! Жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетті. Отан - Ана монументі. Қолына тостаған ұстаған ана айналасына мейірім төге қарап тұрғандай. Монументтің жоғарғы жағында бидай бар. Ол - тоқшылық белгісі. Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат б…
Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Австрия Республикасына сапары аясында Австрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Йоганнес Кирлемен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар құқық саласындағы ынтымақтастықтың белсенділігін одан әрі арттыру болашағын талқылады. Қазақстан делегациясы сапарының орнатылған жемісті өзара қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту мен құқықтық жүйелердің даму тәжірибесімен алмасу үшін маңызды қадам болып табылатыны атап өтілді. Осы бағытта Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы төрт конвенциясына қосылуы жөніндегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. А.Дауылбаев Қазақстанның заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келу үшін серпінді дамып және жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Осыған орай, еуропалық конвенцияларға қосылу аталған мақсаттарды жүзеге асыруға толығымен себепші болады. Й.Кирле қонағына сапары үшін алғысын білдіріп…
Воннегуттан дәріс алыңыздар
23 сәуір — Кітап күні Курт Воннегут «Көркем әдебиет пішіні» курсында білім алып жатқан студенттерге семестрлік тапсырма ретінде жіберген хаты: 30 қараша 1965 жыл. Қымбаттыларым! Біздің курс «Көркем әдебиет пішіні мен теориясы» ретінде басталған еді, кейін ол «Көркем әдебиет пішініне» айналды, одан кейін «Көркем әдебиеттің пішіні мен құрылымына», одан «Үстірт сын немесе мықты маман секілді сөзді сүзіп алу» деп аталды. Мүмкін «қара ақпанға» дейін ол «мал шаруашылығына» да айналып үлгерер. Осыдан көптеген жылдар бұрын менің сүйікті достарымның бірі айтпақшы: «Бөркіңді шешпе — біз әлі жеткен жоқпыз». Сендердің курс жұмыстарыңа келетін болсақ, мен сендерден цинизммен қатар әділдікті талап етемін. Әлемнің жаратылысына тағзым етулеріңді, еш қиналмастан таң қалуларыңды қалаймын, алайда сендердің…