ҚР Қорғаныс министрінің көңіл айтуы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған полковник Едігеев Марат Оразұлының отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты. «Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің атынан және өз атымнан қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшқышы полковник Марат Едігеевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын»-, деді Қазақстан Қорғаныс министрі.
ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің көңіл айтуы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшы құрамы мен әскери қызметшілері оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде қайтыс болған полковник Марат Едігеевтің қазасына қайғырып көңіл айтатындықтарын білдірді.
– Біз Марат Едігеев отбасының орны толмас қайғысын бөлісеміз, және бұл трагедияны өзіміздің жеке басымыздың қайғысындай қабылдаймыз, себебі біз жауынгер жолдасымыздан, тәлімгер серігімізден, сенімді досымыздан айырылып отырмыз,- деді Қазақстан армиясының әскери қызметшілері.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
