Мазмұнға өту

Жаңа

Педиатр мамандығы: нәрестенің денсаулығын қалай сақтауға болады?

Адам өмірінің соңына дейін хирургке жолықпауы мүмкін. Алайда туылғанынан бастап есейгеніне дейін ең көп кездесетін дәрігері — педиатрдың орны өзге дәрігерлерден бір бөлек. Баланың физикалық және психикалық дамуын бақылап, өз жасына сәйкес дамып жатқандығын қадағалап, түрлі балалар ауруларын алдын алып емдейтін бірден-бір медицина саласының мықты мамандығы ол — педиатрия. Бүгінгі материалда осы мамандықтың қыр-сырлары туралы жас маманмен әңгімелесуді жөн көрдік. Педиатрияның тарихына көз жүгіртетін болсақ: бұл мамандық жеке өз алдына тек ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптаса бастаған. Оның туған күні деп 1802 жыл Париж қаласында тұңғыш балалар ауруханасының ашылу күні деп саналады. Алайда, ежелгі заманда да, орта ғасырларда да Гиппократтан бастап өзге де ғалымдар бала ағзасының ер…

7
3
33596

2013 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Хатшылықтары, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысатын болады.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды қарастырып талқылау, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани өміріндегі діни бірлестіктердің орны мен рөлін зерделеп, дәстүрлі діндер лидерлерінің қоғамдық ілгерішілік пен тұрақтылық, конфессияаралық татулықты сақтау мен дамытуға қосып жатқан үлесін салмақтап пайымдау.

Конференция Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылмақ.

0
0
369

Бүгін, 2013 жылғы 24 сәуірде, Қаржы полициясы агенттігінде баспасөз мәжілісі өткізіледі.

Бүгін, 2013 жылғы 24 сәуірде, сағат 12.00-де Қаржы полициясы агенттігінде (Астана қ-сы, Сейфуллин к-сі 37) Атырау облысының лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша баспасөз мәжілісі өткізіледі.

0
0
245