«Ғашық жігітке» ғашық болған АстанаТВ көрермендері
Арнамызда көрсетіліп жатқан фильм, сериал, бағдарламалар бойынша бізге толассыз хаттар келіп жатады. Жақында «Ғашық жігіт» (http://astanatv.kz/program/index/id/444.html) телехикаясы туралы өз пікірлерін білдірген зейнеткер көрермендерімізден хат келіп түскен еді. Хатта аталмыш сериалды аса зор қызығушылықпен көргенін, тіпті, қызыққаны соншама әрбір сериясын қайталап көріп, кино кейіпкерлерімен бірге күйініп, бірге қуанғанын жазған. Әсіресе, бас рөлді шынайы сомдаған актер Хан Тесанның өнеріне тәнті болыпты. Айтуға оңай, дегенмен берілген рөлді соңына дейін тақырыптан ауытқымай, көрерменге жеткізіп, жүректерін шымырлата білген де өнер екенін тілге тиек еткен. Фильмде аянышты тағдырларды, жан күйзелістерін, нағыз махаббатты, шыдамдылық пен көре алмаушылықты, кешіру мен түсіну, жомарттық пен…
