Мазмұнға өту

Жаңа

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігімен «Қорғас» қылмыстық ісінің тергелуі аяқталып, айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокурорына жолданды.

Алматы қаласының прокуроры айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін іс а.ж. 12 сәуірінде Алматы қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды. Айыпталушыларға және олардың қорғаушыларына көлемі 35 томды құрайтын айыптау қорытындылары табыс етілді. Сотқа түскен қылмыстық істердің көлемі 1576 томды құрады. Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік және кедендік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары қолдау көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық схемасы ашылды. Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз еткен. Қытайдан Қазақстанға тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу, қылмыстық жолмен табылған а…

0
0
556

Әскери-спорттық ойындар жалауын көтерді

Биыл Қазақстан Қарулы Күштері 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде тұңғыш рет атап өтпек. Мерекеге орай 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасында Қарулы Күштер тарихында тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізілмек. Аталған мереке аясында Қорғаныс ведомствосында бірқатар игі істер атқарылып жатқандығы жұртшылыққа аян. Сондай шараның бірі Астана қаласындағы «Жас ұлан» метебінде бүгін тұсауын кесті. «Жас ұлан» республикалық мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының жүлдесі үшін әскери-спорттық ойындар алғаш рет жалауын көтерді. Салтанатты сап түзеген түлектерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығы генерал-полковник С. Жасұ…

0
0
718

«Астана жастары, әскер — біртұтас» атты әскери-патриоттық көрме

Бүгін Астана қаласы, Отан қорғаушылар алаңында "Астана жастары, әскер - біртұтас" атты әскери-патриоттық көрме өтті. Алаңда халық көп. Отан қорғаушылар мерекесін тойлау басталып кетті! Әскер қатарындағы жауынгерлер дайындық үстінде. Әскери-патриоттық көрме және мерекелік жиныға жиналған саптағы отан қорғаушылар сақадай сай. Бәрі жүрегіне қолын қойып, хормен әнұран айтуда. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Ортаға тұғыры биік Туымызды ардақтап алып шықты. Оқтай тізілген Отан қорғаушылар. Бірдей киім, бірдей қимыл. Темірдей тәртіп. Иә, бұлар - біздің мақтанышымыз! Жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетті. Отан - Ана монументі. Қолына тостаған ұстаған ана айналасына мейірім төге қарап тұрғандай. Монументтің жоғарғы жағында бидай бар. Ол - тоқшылық белгісі. Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат б…

0
0
2130

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Австрия Республикасына сапары аясында Австрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Йоганнес Кирлемен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар құқық саласындағы ынтымақтастықтың белсенділігін одан әрі арттыру болашағын талқылады. Қазақстан делегациясы сапарының орнатылған жемісті өзара қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту мен құқықтық жүйелердің даму тәжірибесімен алмасу үшін маңызды қадам болып табылатыны атап өтілді. Осы бағытта Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы төрт конвенциясына қосылуы жөніндегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. А.Дауылбаев Қазақстанның заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келу үшін серпінді дамып және жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Осыған орай, еуропалық конвенцияларға қосылу аталған мақсаттарды жүзеге асыруға толығымен себепші болады. Й.Кирле қонағына сапары үшін алғысын білдіріп…

0
0
360

Воннегуттан дәріс алыңыздар

23 сәуір — Кітап күні Курт Воннегут «Көркем әдебиет пішіні» курсында білім алып жатқан студенттерге семестрлік тапсырма ретінде жіберген хаты: 30 қараша 1965 жыл. Қымбаттыларым! Біздің курс «Көркем әдебиет пішіні мен теориясы» ретінде басталған еді, кейін ол «Көркем әдебиет пішініне» айналды, одан кейін «Көркем әдебиеттің пішіні мен құрылымына», одан «Үстірт сын немесе мықты маман секілді сөзді сүзіп алу» деп аталды. Мүмкін «қара ақпанға» дейін ол «мал шаруашылығына» да айналып үлгерер. Осыдан көптеген жылдар бұрын менің сүйікті достарымның бірі айтпақшы: «Бөркіңді шешпе — біз әлі жеткен жоқпыз». Сендердің курс жұмыстарыңа келетін болсақ, мен сендерден цинизммен қатар әділдікті талап етемін. Әлемнің жаратылысына тағзым етулеріңді, еш қиналмастан таң қалуларыңды қалаймын, алайда сендердің…

7
1
719

Бюджеттік Awei құлаққаптарына шолу

Қазір сапалы дауыстың артынан қуып келе жатқандар көп. Бірі қымбат, бірі құлаққа өте зиян деп жатады. Мен өзім бір емес, бірнеше құлаққап ауыстырып шықтым. Біреуін аласың, ертесінде бұзылып қалады, немесе бір сағат тыңдағаннан кейін басың ауыра бастайды, ал кейбіреуі тіптім ыңғайсыз. Біраз іздеуден соң қымбат емес құлаққаптарға жолықтым. Бүгін Awei өндірушісі ұсынған бір емес 3 құлаққапты сынға қойып, "бағасы сапасына лайық па, әлде өте үнемді алынған құлаққап па?" - деген сұраққа жауап беруге тырысамын. Айтпақшы, құлаққаптардың қорабынан ашылуы жайлы бейнені осыған дейін редакторымыз Рустам көрсетіп кеткен болатын. Оны көру үшін мына сілтеме арқылы өтсеңіз болады: Распаковка наушников Awei. Бұл шолуды әдеттегідей емес, сәл басқалай жасап көрейін деп шештім. Осыған орай шолу процесінде, ә…

4
2
2189

Первые финалисты «Қазақстан Барысы»

Понадобилось всего лишь 5 секунд, чтобы определить лучшего в третьем отборочном этапе самого масштабного проекта страны в Мангистауской области, сообщает пресс-служба Фонда. 18-летний Жанабай Мейрамбек (85 кг) — студент факультета физической культуры и спорта политехнического колледжа, в финальной схватке одолел не только соперника старше себя, но и намного тяжелее. Впервые принявший участие в проекте, Мейрамбек стремительно шел вперед, побеждая в очередной схватке, которая сокращала путь к титулу. Сегодня, он уже победитель областного этапа. — Я был уверен в своих силах, уверен в победе! — прокомментировал Мейрамбек свой 5 секундный финальный выход на ковер. Одним броском талантливый парень поставил точку в схватке с титулованным Болатбеком Тотеновым (120 кг). 30-летнемуработнику местной…

0
0
239

Әскери полиция құрылған күнін атап өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы құрылғанына 16 жыл толуын атап өтуде. Ол 1997 жылы сәуір айында Қарулы Күштерде құқық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ әскери қылмыстарды тексеру үшін «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Елбасының Жарлығымен құрылған болатын. – Қазіргі кезде әскери полиция органдарында төрт әскери полиция отряды, 16 бөлім, 4 бөлімше және әскери полиция мамандарын даярлайтын Орталық жұмыс істеп тұр,- дейді әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Тимур Дәндібаев,–олардың барлығы заманауй құралдармен және әскери техникамен жабдықталған. Әскери тәртіп пен құқық тәртібі әскерлердің жауынгерлік даярлығының негізі болып саналады. Бүгінде әскерлердің күнделікт…

0
0
793

2013 жылғы 19 сәуірде ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы А. Әбуов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болып, көпшілік алдында дәріс оқыды.

Кездесуге ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғ. Есім, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Д. Қамзабекұлы және аталмыш оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дәріс барысында қазіргі заманғы ислам мәдениетінің өзекті мәселелері, оның  бүгінгі замандағы және әлемдік мәдениеттегі маңызы туралы, сондай-ақ бұл үрдістегі Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасының рөлі жөнінде әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар, бүгінгі жаһандану заманында мәдени келісім мен ықпалдастықтың, және дінаралық қатынастардың елдегі тұрақтықты сақтап қалудағы алар орны жайлы да сөз қозғалды.

Шара соңында қатысушылар алғыстарын айтып, қызығушылық танытқан мәселелері бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

0
0
257