Мазмұнға өту

Жаңа

Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген сұңқарлар Қазақстанның табиғат аясына жіберілді

2014 жылдың 15 мамырында Маңғыстау облысында Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген 80 ителгі табиғат аясына жіберілді. Бұл шара Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Абу-Дабидің экология министрлігі арасындағы ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылды. Шараға ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев, Абу-Дабидің экология министрі Мұхаммед Әл Боварди, дуадақтарды сақтау халықаралық қордың бас директоры Мұхаммед Салех Әл Байдани, сондай-ақ, ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының, «Охотзоопром» ӨБ» РМКК өкілдері, ҚР БҒМ Зоология институтының қызметкерлері мен орнитолог ғалымдар қатысты. Сұңқарларды (ителгі, лашын) табиғат аясына жіберу Біріккен Араб Әмірліктерінің үкі…

0
0
528

«АЛТЕЛ» 4G LTE GSM желісін іске қосты»

Бүгін «АЛТЕЛ» компаниясы LTE/GSM/UMTS желісін іске қосқаны туралы хабарлады. Ол смартфонда LTE технологиясы бойынша жоғары жылдамдықта деректер беруді пайдалануға мүмкіндік береді, дауыс қоңыраулары автоматты түрде GSM/UMTS желісіне көшірілетін болады. Қазақстанда тұңғыш рет Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларында 4G/3G/2G технологияларын бір мезгілде қолдай алатын конвергентті желі тармақталып отыр. АЛТЕЛ ағымдағы жылдың қыркүйегінде республиканың барлық облыс орталықтарын желімен қамтымақ. 2014 жылдың соңына қарай LTE/UMTS/GSM технологиясы негізіндегі байланыс Қазақстанның халық саны 50 000 адамнан асатын барлық қалаларында іске қосылатын болады. «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбековтің айтуы бойынша, жаңа оператордың басты артықшылығының…

0
0
630

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында «Судьялыққа үміткерлерді іріктеудің халықаралық стандарттары мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел жиыны өтті

Аталған іс-шараны ҚР Жоғарғы Соты Құқық арқылы демократияға Еуропалық комиссиясымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

http://sud.kz/kaz/news/bugin-kr-zhogargy-sotynda-sudyalykka-umitkerlerdi-irikteudin-halykaralyk-standarttary-men


0
0
226

«КЕПІЛДІКТІҢ БІР ҰШЫ МӘСКЕУДЕ ЖАТУЫ МҮМКІН» ЖАС АЛАШқа берген сұқбатым

Әміржан Қосанов: «КЕПІЛДІКТІҢ БІР ҰШЫ МӘСКЕУДЕ ЖАТУЫ МҮМКІН» Ердің жасы 50 жасқа келдіңіз. Әлеуметтік желілерде Сізді құттықтап, ізгі тілектерін жолдаушылардың саны өте көп. Сераға (Серғазы Мұхтарбек) елуге толғанында «жұрттың жан-жақтан жабылып құттықтауынан, маған айтқан сөздерінен кейін президенттің қалай жарылып кетпей жүргеніне таңғалдым. Айналаң жамырап «сен кереметсің, саған тек жақсылық тілеймін» деп айта берсе, адам кәдімгідей өзгере бастайды екен. Апырай-ә, деп көкірек кере бастадым» деп қалжыңдағаны бар еді. Сол елу жасқа келген Cізде нендей өзгерістер «байқалуда»? Соншалықты бір өзгеріс бола қалды деп айту қиын болар (күледі). Дегенмен өтіп бара жатқан өмір адамға күнделікті сабақ беріп отыратынын ескерсек, әрине, елу жастың өзге отыз не қырыққа ұқсамайтын өз сипаты бар. Ең ал…

0
0
680

Жауынгерлік даярлық бойынша экспресс-тестілеу өтеді

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған жарыс басталды. 15-22 мамыр аралығында өтетін жауынгерлік жарысқа 25 команда қатысады. Бұл Аэроұтқыр әскерлері және «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлері атынан сынға түстетін 600-ден астам адам. Жыл сайын өткізіліп тұратын шара барысында оған қатысушы әскери қызметшілерге атыс қаруының әр түрінен, жаяу әскер жауынгерлік машинасының қаруынан, танк және артиллерия қару-жарағынан бақылау ату жаттығулары бойынша тапсырмаларды орындауға тура келеді. Алыс қашықтыққа ату жарысы бойынша әскери қызметшілер өздерінің ату қаруын игерудегі кәсби біліктіліктерін дәлелдеуі керек. Жауынгерлік жарыстың экспресс-тестілеу қорытындысы бойынша оған…

0
0
693

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі.

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі. «BNews.kz», 15.05.2014ж. Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайтынын ұмытпау керек. Бұл туралы Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастық комиссиясының екiншi отырысында IIМ департаментi штаб бастығының орынбасары Мұрат Әбдiшев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Маусым айында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Венгрия елiне ресми iссапармен бармақ. Онда бiрқатар келiсiмдерге қол қою жоспарланған. Солардың iшiнде реадмиссия туралы келiсiм жасалмақ. Сондықтан осы сапар алдында бiз бүгiнгі жиынды өткiзiп, келелi мәселелердi ортақ талқыға салып отырмыз», - дедi IIМ өкiлi. «Бұл бiздiң Мажарстанмен өткiзiп жатан екiншi отырысымыз. Алғашқы басқосу нәтижелi болды. Бүгiнде екi ел арасындағы визалық режiм жеңiлдеп, өзара еркiн ақпарат алмасу мүмкiндiгi бар. Алдағы…

0
0
174

Алматы облысының полицейлері екі тәулікте 23 барымташыны ұстады.

Алматы облысының полицейлері екі тәулікте 23 барымташыны ұстады. «ҚазАқпарат», 15.05.2014ж. Соңғы екі тәулікте Алматы облысының полицейлері мал ұрлаған деген күдікпен 23 адамды ұстап, жауапкершілікке тартуда. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен Көбейхан Нұрахмет хабарлады. К. Нұрахметтің айтуынша, 12-15 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында «Мал ұрлау» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға барлық полицей қызметі тартылды. Құқық қорғаушылар ет нарықтарын, мал соятын, шұжық цехтарын, сондай-ақ ет өнімдерін көтерме өткізетін адамдарды тексерді. Өңірде жұмылдырылған жол-патрульдік полициясының бақылау-өткізу посттарында мал мен ет өнімдерін тасымалдауға бақылау едәуір күшейтілді. «Әр кезеңде ұрланған 80 бас мал іздестіріліп, екі күнде 57-сі заңды иелеріне табысталды», - деді ІІ…

0
0
266

WBA Головкинді Джаррод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеді

Кәсіпқой бокста WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жек өткізуі керек. Бұлай болмаған жағдайда, ол чемпиондық атағынын айырылады, деп хабарлады BoxingScene.com порталына сілтеме жасап kazsporttv.kz. Қазақстандық боксшыны атағын қорғауға Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) міндеттеді. 13 мамырдан бастап 30 күн ішінде боксшылардың өкілдері жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келуі қажет. Осыдан кейін промоутерлік саудаласулар жарияланады. Ал жекпе-жек 120 күннің ішінде өткізілуге тиіс. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин алдағы уақытта мексикалық Хулио Сезар кіші Чавеспен жұдырықтасуды жоспарлаған, алайда келіссөз тоқтатылды. Артынша қазақстандық боксшының келесі қарсыласы австралиялық Дэниэл Гил болады деген ақпарат…

0
0
196

Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева каратэ-додан Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш біріншілік Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен еді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Владаның бапкері — Асқар Досжанов.

Айта кету керек, осы чемпионат кезінде төрешілер мен бапкерлер үшін семинар ұйымдастырылды. Соның қорытындысы бойынша БҚО-дан бірінші рет Қуаныш Қайыровқа каратэ-додан халықаралық дәрежедегі төреші атағы берілді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
1349

Ұлттық құрамамыз үшінші рет ұтылды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші ойынын өткізіп, аса тартысты өткен матчта Латвия құрамасынан 4:5 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ойын шектен тыс шиеленісті өтті. Ойын басталған бетте латыштар есеп ашқанымен, бірінші кезеңде біздің құраманың қарқыны өте жоғары болды. Таразы басын да тез теңестірді. Талғат Жайлауов қақпашымен бетпе-бет шығып, голкиперді қалай қапы қалдыру керек екендігінің теңдессіз үлгісін көрсетті. Ал бірінші кезеңнің аяғына қарай Евгений Рымарев біздің құраманы алға шығарды. Осы ретте айта кетейік, ұстараның жүзіндей лыпылдаған Рымаревті ұлттық құрама бапкерлері айдынға шығармай жүрген. Бұған дейінгі матчта Фёдор Полищук Беларусь құрмасының бір хоккейшісін ойын таяғымен нұқып қалғаны үшін…

0
0
294