Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген сұңқарлар Қазақстанның табиғат аясына жіберілді

2014 жылдың 15 мамырында  Маңғыстау  облысында Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген 80 ителгі табиғат аясына жіберілді.
Бұл шара Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Абу-Дабидің экология министрлігі арасындағы ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылды.
Шараға ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев, Абу-Дабидің экология министрі Мұхаммед Әл Боварди, дуадақтарды сақтау халықаралық қордың бас директоры Мұхаммед Салех Әл Байдани, сондай-ақ, ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының, «Охотзоопром» ӨБ» РМКК өкілдері, ҚР БҒМ Зоология институтының қызметкерлері мен орнитолог ғалымдар қатысты.
Сұңқарларды (ителгі, лашын) табиғат аясына жіберу Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама осы құс түрлерін сақтау және олардың табиғи популяциясының көбеюіне жағдай жасауға бағытталған.
Сұңқарлар табиғи ортаға әр көктем сайын жіберіліп тұрады. Бұл бағытта арнайы зерттеулер жүргізіліп, солардың нәтижелері бойынша түрлі елдерде құстардың мекендеуі мен көбеюіне ыңғайлы жағдайы бар бірнеше аумақ белгіленген болатын. Біздің елімізде сұңқарлардың өмір сүруі үшін ең ыңғайлы аймақтар – қажетті қорек көзге бай, таулы шоқылары мен қырлы даласы бар Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.
Араб Әмірліктерінен жеткізілген құстар бірнеше апта бойы бейімделуден өткізілді. Олар жергілікті климат пен ашық кеңістікке біртіндеп үйретілді, жақсы азықтандырылып, жағдайлары күнделікті тексеріліп тұрды. Табиғат аясына жіберілместен бұрын, бірнеше құсқа радиоқұрылғы орнатылады. Бұл сұңқарлардың миграциясы жөніндегі ақпарат алуға мүмкіндік береді.
16 мамыр күні Маңғыстау облысында Араб Әмірліктерінен әкелінген тағы 20 лашын, ал 17 мамырда Шығыс Қазақстан облысында (Күршім ауданы) 19 ителгі табиғи ортаға жіберіледі.
Жалпы, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2009-2013 жылдар арасында еліміздің табиғаты аясына 340-тан астам сұңқар жіберілді.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-54/

0
0
510

Осы тақырып бойынша