Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

WBA Головкинді Джаррод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеді

Кәсіпқой бокста WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жек өткізуі керек. Бұлай болмаған жағдайда, ол чемпиондық атағынын айырылады, деп хабарлады BoxingScene.com порталына сілтеме жасап kazsporttv.kz.

Қазақстандық боксшыны атағын қорғауға Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) міндеттеді. 13 мамырдан бастап 30 күн ішінде боксшылардың өкілдері жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келуі қажет. Осыдан кейін промоутерлік саудаласулар жарияланады. Ал жекпе-жек 120 күннің ішінде өткізілуге тиіс.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин алдағы уақытта мексикалық Хулио Сезар кіші Чавеспен жұдырықтасуды жоспарлаған, алайда келіссөз тоқтатылды. Артынша қазақстандық боксшының келесі қарсыласы австралиялық Дэниэл Гил болады деген ақпарат шықты.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. қҚзАқпарат
 
0
0
190

Осы тақырып бойынша

WBA Головкинді Джаррод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеді - Yvision.kz