Мазмұнға өту
SUD_RK

SUD_RK

Сайтта 2014 ж. 28 наурызКазахстан, Астана

Верховный суд Республики Казахстан

рейтинг

100

жазбалар

1 214

пікірлер

0

тіркелуші

97

жазылымдар

0

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді келе жатқан Конституция Күнімен құттықтаймын!Негізгі заң экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік және басқа салалардағы барлық оң өзгерістердің құқықтық негізін қалады. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда біздің республикамыз қарыштап дамып, әлемнің 30 озық елінің қатарына кіруді өз алдына мақсат етіп қойып отыр.Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси көрегендігін айқындап берді. Конституция жобасымен белсене жұмыс істей отырып Мемлекет басшысы елдің алдында тұрған басты міндеттер мен тәуекелдерді тап басып аңғарып, оларды жеңудің жолдарын да таба білді. Бұл жай ғана жалаң сөздер емес, біздің жаңа тарихымыздың шындығы. Негізгі заңға арқау етіліп алынған барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі, тілі мен ұлты бойынша кемсітушілікке тыйым…

0
0
715

Жоғарғы Сотта Венеция комиссиясының сарапшыларымен кездесу болып өтті

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Венеция комиссиясының сарапшылары Сергей Кузнецовпен, Славик Баничпен және Георгий Папуашвилимен кездесті.Кездесуге Жоғарғы Соттың судьясы Денис Шипп, жоғары сот органы мен Әділет министрлігі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.Ж. Асанов өз сөзінде елдегі құқықтық реформаларды іске асырудағы сындарлы ынтымақтастығы мен көмегі үшін Венеция комиссиясына және оның сарапшыларына ықыласын білдірді.Бұдан кейін ол Жоғарғы Соттың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (бұдан әрі - ӘРПК) дайындауға қатысуы жөніндегі жұмысы туралы әңгімеледі.ӘРПК жобасы әкімшілік орган мен осы әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары өзіне қатысты іске асырылып жатқан адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Бұған қоса, жария…

0
0
593

Жоғарғы Сотта Конституция күніне арналған салтанатты жиын болып өтті

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, республика Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиналысты Жоғарғы Соттың Төрағасы Ж. Асанов ашып, қатысушыларды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.Өз сөзінде Жақып Асанов Ата Заңның мемлекеттің, қоғамның дамуындағы, әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап көрсетті. «Конституция мемлекеттіліктің нығаюы үшін оның берік іргетасын қалады. Бейбітшілік, келісім, бірлесу, теңдік, заңның үстемдігі сияқты құндылықтар заң жүзінде беки түсті. Адамның барлық негізгі құқықтары мен бостандықтары осы Конституцияда көрініс тапты», - деп атап өтті Ж. Асанов.Сөзін жалғастыра келе Жоғарғы Соттың Төрағасы Конституция күнінің соттар үшін ерекше маңыз…

0
0
858

Жақып Асанов Кореяның Қазақстан Республикасындағы елшісімен кездесті

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Кореяның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсикпен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі елдің сот органдарының қарым-қатынасының жедел дамып келе жатқанын атап өтті және оны одан әрі дамытудың қажеттілігіне сенім білдірді.Елші сот жүйесін жаңғыртудың жеті негізгі бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ Жобалық офистің құрылғаны жөнінде хабардар етілді. «Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп атап көрсетті Ж. Асанов.Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстан соттары басқа елдердің сот әкімшілігі саласындағы үздік нәтижелерімен және жетістіктерімен жан-жақтылы танысу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатқанын атап көрсетт…

0
0
725

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асановты қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді.– Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды, – деді Жоғарғы сот төрағасы.Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30 пайызға төмендегенін мәлімдеді.Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.Қайнар: http://www.akorda.kz сайтының мәліметі бойынша http://sud.gov.kz/kaz/news/bugin-memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-kazakstan-respublikasy-zhog…

0
0
352

2018 жылғы 6 айдағы сот жүйесі қызметі туралы ақпарат

2018 жылғы 6 айда аудандық, қалалық соттар 1,8 млн. іс пен материалдарды қараған. Өсім - 40%.Негізгі үлес азаматтық істерде - 84%.26 мың қылмыстық іс аяқталды. Сотталған - 16 302 адам. 4 094 адам бостандығынан айрылды.1. Азаматтық істер саны – 1 ,5 млн. Өсім – 53%.Мемлекет Басшысы татуластыру институттарын дамытуды тапсырған болатын. Көптеген елдерде даулардың 50-60% бейбіт жолмен шешіледі.Жоғарғы Сот бұл жұмысты екі бағытта жүргізуде.1) Сотсыз татуласу. Әкімдердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Кәсіподақтар федерациясының, Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен татуласу орталықтары құрылуда. Алты облыста іске қосылды.2) Соттарда татуластыру. Оған арнайы судьялар бекітілді. Сарыарқа аудандық сотында сондай судьяға келгендердің 60% әрі қарай соттасудан бас тартқан.2. Жоғарғы Сот Кеңесім…

1
0
385

ЖС сот актілерінің үздік үлгілерін анықтауға арналған байқаудың бірінші кезеңін қорытындылады

Іс-шараның ұйымдастырушылары сот актілерінің құрылымы мен сапасын жақсартуды көздейді. Байқау бойынша өзінің үндеуінде Жақып Асанов: «Шешім – бұл нақты іс бойынша сот жұмысының логикалық аяқталуы, туындаған даудың «нүктесі». Сот актісінің азаматтарға қаншалықты түсінікті болатындығы көбінде оның стиліне, мазмұны мен құрылымына байланысты»,- деді.Байқауға барлық судьялар мен сот қызметкерлері қатыса алады. Ережеге сәйкес байқау азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы үздік сот актілерін анықтауға арналған 3 номинациядан тұрады.Ағымдағы жылдың 31 мамырында байқаудың бірінші кезеңі қорытындыланды. Ол азаматтық істер бойынша сот актілерінің үздік үлгілерін анықтауға бағытталған болатын. Бұл үшін барлық судьялар мен сот қызметкерлеріне қаржы-эко…

0
0
1076

ЖС әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты 2014ж сотталған адамды ақтады

Тергеу органы «Қапланбек» шекара бақылау бөлімшесінің 27 жасар аға бақылаушысы Арман Сәрсенбаевты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, пара ретінде берілген ақшаны алып, Өзбекстан азаматтарын Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп таныған. 2014 жылғы 19 маусымда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты мемлекеттiк қызмет атқаруға уәкiлеттi тұлға бола тұра, пара алу түріндегі заңсыз әрекеті (әрекетсiздiгі) үшін А.Сәрсенбаевты мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған. А.Сәрсенбаев ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы басшылық жасау кінәлары бойынша ақталған.Апелляциялық сот алқасы сотталғанға қатысты шыққан үкімді өзгеріссіз…

0
0
694

Ж.Асанов Ресей мен Қытай Жоғарғы Соттарының төрағаларымен екі жақты кездесу өткізді

Іс-шара Пекинде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы Соттары төрағаларының XIII кеңесі аясында өтуде. Ж.Асанов ҚХР Жоғарғы Халық Сотының Төрағасы Чжоу Цян мырзамен кездесу барысында екі елдің ширек ғасырда қол жеткізген жан-жақты стратегиялық әріптестігі әлемдік қауымдастық үшін үлгі болатынын атап өтті. Ол жаңа технологияларды қолдану мәселелерін және виртуалды сот қызметін зерттеуге қызығушылық танытты. «Бірнеше жылдар бойы Қытай Халық Сотының бастамасымен сот процесін цифрландыруда ең озық тәсілдер көрсетілетін әлемдік интернет конференциялар өткізген индустрия және жаңа технологиялар саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде Қытайдың тәжірибесіне деген қызығушылығымыз зор»,- деді Ж. Асанов.Ч.Цян, өз кезегінде, сұхбаттасын қолдай келе, «үш жамандыққа» - терроризмге, сепаратизмге және экстр…

0
0
426

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Шаттыққа толы осы күндер қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.Ұлы Жеңіс күнінің мәні ешқашан уақытпен шектелмейді! Бұл – біздің ата-бабаларымыздың жарқын болашақ үшін қан майданында кеудесін оққа төсеп, от кешуден өткен қайсар ерлігі. Бүкіл ел болып қасірет шеккен соғыс жылдары ата-ана, бала-шағаның майдан үшін маңдай терін тамшылатқан тылдағы жанкешті еңбектерінің айқын көрінісі. Ерлік – әрқашан елге мұра, ұрпаққа ұран.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның әрбір бес тұрғыны қару асынып, майданға аттанды.…

0
0
652