АШЫҚ АЛАҢ-дағы сұқбатым.30.10.2014. Соңғы ауыс-түйіс, Назарбаев, мұрагер, президенттік сайлау, оппозиция, ЕАО, Кажыгелдин жайлы
Әміржан Қосанов: «Назарбаев өзін президенттік биліктен тыс елестете алмайды!» Президент жасаған соңғы ауыс-түйістер жайлы не айтасыз? Қандай да саяси логикаға негізделген өзгерістер деп ойлайсыз ба, әлде мерзімдік, кезекті кадрларды алмастыру ісі ме? Неге Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігіне тағайындалды? Серік Ахметовті қызметінен кетірудің қандай себебі болды деп санайсыз? Кез келген билік ішінде осындай ауыс-түйіс болып жатады. Оның ешқандай сөкеттігі жоқ. Алайда бізде, Қазақстанда, жоғары жақтағы кадрлық өзгерістерді жақындап қалған президенттік сайлау мен алдағы постназарбаевтік кезең тұрғысынан қарастыру қажет. Шахматта «эндшпиль» деген ұғым бар, яғни ойынның соңы. Біздің режим де саяси эндшпилін басынан кешіруде, енді тек кім «шах» дейді, кім «мат» болады, сол жағы белгісі…