Каратэші В.Подмарева Орталық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева каратэ-додан Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш біріншілік Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен еді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Владаның бапкері — Асқар Досжанов.
Айта кету керек, осы чемпионат кезінде төрешілер мен бапкерлер үшін семинар ұйымдастырылды. Соның қорытындысы бойынша БҚО-дан бірінші рет Қуаныш Қайыровқа каратэ-додан халықаралық дәрежедегі төреші атағы берілді.
Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Батыс Қазақстан облысы , Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат

