Мазмұнға өту

Жаңа

"Интернет" тәуелділік жөнінде

Тірішілікте есірткіге тәуелділіктен басқа тәуелділіктер жеткілікті. Солардың бірі "Интернет-тәуелділік". Бұл кеселге шалдыққан адам өмірінің басты бөлігін Интернет әлемінде (виртуалды кеңістікте) өткізеді. Тәулік бойын ойын ойнап, мониторға тесілтендер жеткілікті. Бұл да дерт. Емделуге болады, бірақ дұрысы ауруға шалдықпаған. Оған қоса "гаджет-аддикция" (ауытқуы) да ұшырасады. Ол ұялы телефонды, компьютерді, автокөлікті және т.б. заттарды жиі ауыстыратындар. Өмірде қанша адам болса, соншалықты ерекшелік болады.   

0
7
1651

Өмірдегі табысқа жеткізер сиқырлы төрт сауал


Өмірде табысқа жетелейтін сауалдар болады. Коучинг ілімінде мұны ұтымды қолданады. Олар мыналар: бір нәрсені, мақсатты алға қойғанда алдымен, өзіңізге бірінші: "Менің не істегім келеді?" деген сауал қою қажет. Одан соң: "Мұны қалай, қандай жолдармен жүзеге асырамын, амалы қандай?" деген сұрақ қойған жөн. Үшінші маңызды сұрақ: "Бұл маған, менің өзіме не үшін керек?". Төртіншісі: "Ойым, не қалауым жүзеге асқанда не болады?". Сонымен Сіздерге өмірде сәттілік тілеймін.

0
4
733

Мен неге өз блогымды аштым?


Мен өзім туралы жазғанда облыстық наркологиялық орталықта психолог болып жұмыс істейтіндігімді айтқанмын. Жұмыс барысында маған кәмелетке жасы толмағандармен де, бірталай жасты соңына тастаған ересек адамдармен де араласуға тура келеді. Олар менен өмірдегі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес алады. Сондықтан олардың әрқайсысының жан дүниесін зерттеп, көңілін табуға тырысамын. Сол себепті жастардың ойын, олардың өмірін түсіну үшін мен қазақ тілді "Интернет" ресурстарға ден қоямын. Әлемнің шексіз екендігін айтқанмын. Өмірді толығымен танып-білген әзірше ешкім жоқ. Компьютердің тілін білгеніммен әзірше блогты көркемдеуді үйреніп жүрмін. Демек, адамның дүниені танып білуі көзі жұмылғанша тоқтамайды. Қазақтың ауыз және жазбаша әдебиетінде өмірді тануға бағытталған дүниелер жеткілікті.  

0
2
552

Менің тағы бір блогым жөнінде


Құрметті yvision.kz блоггерлері! Сіздердің назарларыңызға тағы бір өз блогымды ұсынамын. Мекен-жайы: http: //serikbais.blogspot.com/. Жалпы әрекет жасағанда кез-келген адамның ниеті позитивті болады. Бірақ ол дұрыс не бұрыс мінез-құлықта немесе социалды, не асоциалды болуы мүмкін. Өкінішке орай біз адамдардың ниетіне емес, оның мінез-құлқына назар аударамыз. Сол кезде түсінбестік туындайды. Әрбір адам бір кішкене әлем. Оны танып білу көп тер төгуді талап етеді.   

0
0
542

Коучинг туралы әфсана (кішкене әңгіме)

Бір адам теңіз жағалап келе жатқанда, алдынан толқынмен жағалауға шығып қалған миллиондаған теңіз жұлдыздарын көреді. Оны бір кішкентай қыз бір бірден теңізге қайтадан лақтырып жатыр екен. Адам оған: теңіз жұлыздары өте көп. Бәріне шамаң жете ме? деп сұрайды. Қыз болса, келесі теңіз жұлдызын теңізге қайтарып жатып: Мен дәл осы жұлдыздың тағдырын өзгертуге көп нәрсе жасадым депті. Демек коучинг маманының, ғылымының да көздегені осы. Бұларды жазып жатқаным, блог қолданушыларының өмір жаңалығы коучингтен де хабары болсын деген ізгі ниет. Блог бетінде қайта көріскенше!  

0
5
2004

Практикалық психология адамға несімен пайдалы?

Психология ілімінің сан түрлі бағыттарының бар екендігі белгілі. Мысалы оның, медициналық, педагогикалық, инженерлік, басқару және т.б. түрлері болады. Соның ішінде практикалық психология адамның өміріне ең жақын дүние. Бұл ілім арқылы адам өзін таниды, айналасындағылармен қарым-қатынас өнерін үйренеді, өмірде табысқа жету жолдарын ұғады. Егер блог қолданушыларының өмірде кездесетін түрлі проблемалары бойынша сауалдары болса, блог арқылы жауап беруге әзірлігімді білдіремін.

0
6
2751

Өзім және блог туралы

Құрметті менің блогымды қолданушылар! Мен Серікбай Смағұлұлы Қызылорда қаласында тұрамын. Облыстық наркологиялық орталықта дәрігер болып жұмыс істеймін. Облыс медицина қызметкерлеріне арнап "Сыр емшісі" атты медициналық газет шығарамын. Газет 1996 жылдан бастап жарық көріп келеді. Оған қоса қазақ тілінде практикалық психология және коучинг ілімімен айналысамын. Интернеттен қазақ тілінде жазатын психологиялық және есірткіге қарсы сйат немесе блог іздеп көрген едім. Таппадым. Мүмкін бар шығар. Мен бір жағынан дәрігер, екінші жағынан ҚР Журналистер Одағының мұшесі, журналист ретінде блогспоткомдағы "Серікбайдың жан тану блогына" қоса осы блогты да тіркеп отырмын. Алдағы кезде ҚҰдай жар болса, қазақ тілінде практикалық психология, коучинг және психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділіктің…

"Церковь саентология" дәрілері адам өміріне нұқсан келтіруі мүмкін

Осы жылдың 8 қазанында Алматы қаласы прокурорының санкциясымен саентологтарға тиеселі мекен жайларға тінту жұмыстары жүргізілді. Бұл жерлерден сеантологтармен байланысы бар адамдарға қатысты жеке және конфиденциалды сипаттағы көптеген ақпараттар сақталған мұражай, сондай ақ елімізге заңсыз әкелінген және сертификатталмаған шетелдік дәрі дәрмектер табылып тәркіленді. Дәрі-дәрмектер ешқандай тиісті құжаттарсыз сатылғаны да белгілі болды. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша олар адам өміріне едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.ҚР ҰҚК Алматы қаласы боиынша департаменті Алматы қаласында орналасқан "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларына аса ірі көлемде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары үшін қылмыстық іс қозғады.Осынау діниі бірлестіктің жұмысына көптеген елде ти…

0
0
522

Ұлыбританияда білім алғың келсе/Education in the UK 2008 Exhibition

25 October, Saturday – Almaty 10:00 – 18:00 Hyatt Regency Almaty, Academic Satpayev Avenue 29/6 27 October, Monday – Astana 10:00 – 18.00 Okan Intercontinental Hotel, Abay Avenue 113 Education in the UK 2008 exhibition is organised for the fourth time by the Kazakhstan Association of Educational Agents (KAEA)www.kaea.kz and is supported by the British Council Kazakhstan. 20 British education establishments, from English language centres to colleges and universities, will be represented at the fair. Everyone interested in UK educational opportunities is welcome to attend. British Council staff will be present at the fair as well and will be able to answer your queries about UK education. If you have any questions, please contact Nadezhda Anisimova, phone +7 (727) 2720 207, e-mailnadezhda.a…

0
2
757

Ресей журналистер өлімі жөнінен әлемде үшінші орында тұр/Russia is the third-deadliest country in the world for journalists

Ресей журналистер өлімі жөнінен әлемде үшінші орында тұр, - дейді CPJ зерттеушілері. Ингушетиядағы оппозициялық басылымның редакторы Магомед Евлов пен дағыстандық теле журналист Тельман Алишаевтыңтың өлімдерінен соң, 2000 жылдан бері қаза тапқан журналистер саны 16-ға жетті. 16 кісі өлімімінен тек біреуінде ғана "Новая газета" қызметкері Игорь Домниковтың өлімінен кейін кісі өлтіруші жазаға тартылған. Қандықол қылмыскерлер әлі де бостандықта жүр.Russia is the third-deadliest country in the world for journalists, according to CPJ research. With the recent murders of opposition editor Magomed Yevloyev in Ingushetia and television anchor Telman Alishayev in Dagestan, the toll has gone up to 16 journalist murders in since 2000 alone. Only in one of the 16 killings—that of Novaya Gazeta’s Igor…

0
6
818