Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі.

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі. «BNews.kz», 15.05.2014ж.
Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайтынын ұмытпау керек. Бұл туралы Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастық комиссиясының екiншi отырысында IIМ департаментi штаб бастығының орынбасары Мұрат Әбдiшев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Маусым айында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Венгрия елiне ресми iссапармен бармақ. Онда бiрқатар келiсiмдерге қол қою жоспарланған. Солардың iшiнде реадмиссия туралы келiсiм жасалмақ. Сондықтан осы сапар алдында бiз бүгiнгі жиынды өткiзiп, келелi мәселелердi ортақ талқыға салып отырмыз», - дедi IIМ өкiлi.

«Бұл бiздiң Мажарстанмен өткiзiп жатан екiншi отырысымыз. Алғашқы басқосу нәтижелi болды. Бүгiнде екi ел арасындағы визалық режiм жеңiлдеп, өзара еркiн ақпарат алмасу мүмкiндiгi бар. Алдағы уақытта мұндай жиындарды жиi өткiзу мүмкіндігі қарастырылуда. Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайтынын ескеру керек», - дедi ол.

Сонымен қатар, Мұрат Әбдiшев алдағы уақытта еліміз Венгрияның озық тәжiрибесiмен танысып, мемлекеттер ынтымақтастығы одан әрi жандана түсетiндiгiн жеткiздi.

Айта кетейiк, бүгiн ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестiкке, есiрткi заттары мен психотропты құралдардың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастық комиссиясының екiншi отырысы болып өттi. Екi халықтың тарихи және мәдени туыстығының арқасында Венгрия алғашқылардың бiрi болып 1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсiздiгiн мойындады.

0
0
165

Осы тақырып бойынша

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі. - Yvision.kz