Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жауынгерлік даярлық бойынша экспресс-тестілеу өтеді

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған жарыс басталды.

15-22 мамыр аралығында өтетін жауынгерлік жарысқа 25 команда қатысады. Бұл Аэроұтқыр әскерлері және «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлері атынан сынға түстетін 600-ден астам адам.

Жыл сайын өткізіліп тұратын шара барысында оған қатысушы әскери қызметшілерге атыс қаруының әр түрінен, жаяу әскер жауынгерлік машинасының қаруынан, танк және артиллерия қару-жарағынан бақылау ату жаттығулары бойынша тапсырмаларды орындауға тура келеді. Алыс қашықтыққа ату жарысы бойынша әскери қызметшілер өздерінің ату қаруын игерудегі кәсби біліктіліктерін дәлелдеуі керек.

Жауынгерлік жарыстың экспресс-тестілеу қорытындысы бойынша оған қатысушылардың күштік және төзімділік жаттығуларын орындау бойынша дене дайындық деңгейлері бағаланатын болады.

Жарыстың нәтижесін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Ә. Халықов бастаған қазылар алқасы бағалайтын болады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
676

Осы тақырып бойынша

Жауынгерлік даярлық бойынша экспресс-тестілеу өтеді - Yvision.kz