Мазмұнға өту

Жаңа

Ташкентте екі боксшымыз жеңіліске ұшырады

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екі жігітіміз жеңілістің кермек дәмін татты, — деп хабарлайдыTengrinews.kz ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ташкент төріндегі халықаралық турнир де кеше басталған болатын. Сидней Джаксон мемориалының бірінші күні рингке екі боксшымыз шыққан еді. Екеуі де қырғыз қырандарымен кездесіп, бірі ұтып, бірі ұтылды. Атап айтқанда, 60 келідегі Закир Сафиуллин Медер Мамакеевті үш төрешінің шешімімен де ұтып, басымдық танытты. Ал 69 келідегі Алмасбек Орынғалиев Эркин Болотбекулына төрешілердің екі айырылған шешімімен есе жіберіп алды – 1:2. 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сапарбай Айдаров бүгін өзбек Азизбек Абдугафуровтан ұтылып қалды. Негізі, өзбектің бұл оғланы осал боксшы емес-т…

0
0
253

Тай боксынан өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 10 медаль еншіледі

Тай бокстан Малайзияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бағы жанды. Дүбірлі додадан 10 медальмен оралған отандастарымыз ел мерейін үстем етті. Соның үшеуі алтын, жетеуі – қола медаль. Үш алтынды қанжығаларына байлаған чемпиондар – Атырау облысының тумалары. Дүниежүзі бойынша 76 елдің өкілі қатысқан спорттық додаға біздің елден 26 спортшы барған болатын. Соның оны олжалы қайтты. Атыраудан барған бес спортшының біреуі қола, үшеуі алтыннан алқа тақты. Соның бірі – Әбіл Ғалиев. Әбіл Ғалиев, Жастар арасында муай тайдан әлем чемпионы: - Бірінші қарсыласым Грузиядан болды, оны ұпай санымен жеңдім. Екіншісі түрік болды. Ал үшіншісі қарсыласым болып өзбек шықты. Олар да өте жақсы өнер көрсетті. Атыраулық чемпиондар – жергілікті «Қайсар» және «Алаң» спорт клубтарының түлектері. Шәкірт…

0
0
265

«Сапалы білім – берекеліктің негізі»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінде берген тапсырмаларын жастарға насихаттау мақсатында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімдерінде «Сапалы білім – берекеліктің негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

«Дөңгелек үстел» отырысына жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарының жетекшілері, профессорлар мен докторлар және облыс әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде еліміздегі білім беру жүсесіндегі оңтайлы реформаларды жастарға түсіндіру.

0
0
518

«Егов – болашаққа бастайды!»

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Егов – болашаққа бастайды!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара облыстық, қалалық мемлекеттік орган өкілдерінің арасында өтті. Қызметкерлерге электронды үкімет порталы және электронды цифрлы қолтаңба алу жолдары мен пайдалану ережелері түсіндірілді.

Филиала РГП «ЦОН» по Жамбылской областибыли проведены мероприятия на тему "Егов - начало будущему!".Мероприятия проведенысреди представителей областных игородскихгосударственныхорганов. Служащим были разъяснены правила использованияэлектронного портала правительства и электронныхпечатей.

0
0
277

ХҚКО-да өзіңе-өзің қызмет көрсету мүмкіндігі бар!

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының барлық бөлімдерінде іске қосылды. Келушілер өздері кезекті күтпей, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында қажетті қызметті ала алады. Әрине, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, клиентке «e-gov» бұрышының кеңесшісі көмекке келеді. Порталдың барлық қызметін толық құқылы қолдану үшін, ЭСҚ-қа тапсырыс беру қажет. «Connection Point» бұрышынан басқа тұрғындарға жайлы және ыңғайлы қызмет көрсету үшін реттеу залында «Wi-Fi» аймағы орнатылған. Ыңғайлы жерде отырып монитордың алдында ХҚКО клиенті өз ықтиарымен өтінім жасай алады, мысалы, өзінде екінші деңгейдегі банкке төлем жасау карточкасы болған кезде ЖШС рәсімдей алады. Келушілерге ақпарат беретін көмекшілер күту залындағы үстелдерде жатқан буклеттер болып табылады. «Connection Point» ХҚКО құру…

0
0
661

Халыққа қызмет оңтайландырылуда!

Еліміздің аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 6-шы қыркүйегінде «ХҚКО» шаруашылық құқық жүргізудегі РМК-ны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау туралы регламенті» бекітілді. Аталған регламент негізінде «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық және аудандық бөлімдерінде облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар басқармасы мен облыстық мүгедектерімен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігімен жасалған үш жақты меморандум негізінде шақар тұрғындарына үстіміздегі жылдың 1-ші қазанынан бастап мемлекеттік қызмет көрсетіл…

0
0
425

Жеңіс күні қарсаңында!

Ұлы Отан соғысының ардагерлері С.Мейркулов, З.Минбаев, Г.Мирошниковты «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының ұжымы құттықтады. Осы күні ардагерлердің үй-жайларын жинастырып, оларға қажетті азық-түлік өнімдерін сыйға тартты. Ардагерлер ХҚКО-ның қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі!

0
0
379

Қаржы полициясы Қостанай облысында есепке алынбаған алкоголь өнімдерінің жаппай өндірісін тоқтатты

Жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қостанай облысындағы Рудный қаласында «Лидер 2» ЖШС-нің арақ-шарап зауытында ірі көлемде есепке алынбаған алкоголь өнімдерін шығару фактісін анықтады. Осылайша, Орал қаласында қаржы полициясының қызметкерлері Рудный қаласында орналасқан «Лидер 2» ЖШС зауытынджа шығарылған есепке алынбаған бақылау маркалары жапсырылған арақ өнімін бақылауда сатып алды. 2014 жылғы 28 сәуірде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық істе тергеу барысында ағымдағы жылғы 1 мамырға қараған түні зауыт аумағында, аталған фирманың кеңселері мен қоймаларында іздеу өткізіліп, олардың нәтижесінде акциздік бекеттің жұмыс кестесінен тыс уақытта түнгі кезде есепке алынбаған өнімді жасау фактісі тіркелді. Алкоголь өнімдерін…

0
0
391

Қазақстан туралы Амин! Алжир.

Алжир. Керемет халық, арабтар емес. Мемлекеті де әдемі. Тілдері араб және француз. Одан бөлек өздерінің туған тілдері бар. Африкадағы ең үлкен мемлекет. Кезінде Судан болатын, қазір екіге бөлініп кеткендіктен Алжир әлемде территориясы ең үлкен 10-шы мемлекет. Алжир АҚШ тәуелсіздіген мойындаған ең алғашқы мемлекеттердің бірі екен. Амин бауырымыз қазақ халқын тура Алжир халқы сияқты дейді. Осыдан 1-2 ай бұрын қазақ студенттерімен таныстырып едім: "Қазақтар да Алжирлықтар сияқты танымайтын адамға жылы жүзбен қарайды екен және қонақжай"-деді. Амин мен білетін шетелдіктердің ішінде қазақша "бауырым" деген сөзді тап-таза айтатын бірден-бір жігіт. Бір қызығы тек қазақтарға ғана емес малайларға да, үндістерге де, индонезиялықтарға да, тіпті морокколықтарға да "бауырым" деп айтады. Оны кім түсініп…

0
0
961