Елбасы салынып жатқан «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің аумағында болды
Akorda.kz Мемлекет басшысы мұнда «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының барысымен танысты. Бірқатар мемлекеттік органдардың, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ Sembol, Mabetex, BI-Group, «Базис-А», «САЭМ», Mega Management, Astana Innovation компанияларының басшылары Президентке көрме аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларын таныстырды. Олардың қатарында Астана қаласының жаңа көлік жүйесін қалыптастыру, халықаралық әуежайын дамыту және теміржол вокзалы кешенінің құрылысы секілді жобалар бар. Нұрсұлтан Назарбаев көрмені өткізу Астана қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. – Бұл – әлемдік ауқымдағы ірі іс-шара. Бүкіл әлемге өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін Сіздерге, мердігерлерге оның дайындығына қатысуға сенім білдірілді. Сіздер өз қабілеттеріңіз…

Ағымдағы жылғы 1 шілдеде БҚА-да Төраға орынбасары Ә.Б. Мәтішевтің төрағалық етуімен мемлекеттік органдардың, Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығының қатысуымен «Сатып алу туралы» Заңды әзірлеу мәселесін талқылау өтті.