Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Индустрия заманына қадам басқан Атырау

Сәлем достар! Біздің алғашқы постымыз сендердің көңілдерінен шықты деген ойдамыз.Біз бұл постты жазуда бар ынтамызды салып,ерінбей еңбек еттік.

Бүгін біз Атырау қаласындағы бірнеше ірі зауыттарда болдық.Айта кетсек: «АтырауНефтеМаш»,бір рет пайдаланылатын шприц шығаратын зауыт «BRANDO» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіретін зауыттары болып табылады.

Бір рет пайдаланатын шприц өндіру зауыты «BRANDO» ЖШС-ң  Жобалық қуаты жылына 170 млн. дана шприц шығаруға негізделген. Биыл бұл көрсеткішті 250 млн. данаға жеткізу жоспарланып отыр. 2010 жылы зауыт «СК-Фармация» АҚ-мен емдеу орындарына бір реттік шприцтерді жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойыпты. “Брандо” ЖШС өндіретін шприцтердің сапасы халықаралық талаптарға толықтай сәйкес келеді. Бір реттік шприцтер шетелдік өнімдерден кем емес, кей тұрғыда тіпті сапасы артық.

 

«АтырауНефтеМаш» ЖШС-і республикамыздағы әмбебап кәсіпорынның бірі болып табылады. Бұл зауыт ұңғыманы жөндеу, мұнайды алу, өңдеу өндіріс салаларында мамандандырылған. Кәсіпорынның 90 жылдан аса тарихы және машина жасау саласында еліміздің дамуына үлесі зор.

 

Фото взято из интернета(http://www.neftegaz.kz/kazaxstanskie-novosti/na-strojploshhadke-ustanovki-kompleksa-aromaticheskix-uglevodorodov-anpz-zavershen-montazh-kolonnyi-rafinata.html)

Атырау мұнай өңдеу зауыты - Қазақстандағы ірі өндіріс ошағының бірі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Зауытта, сондай-ақ, сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған “Тосол-А-50М” майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған “Афол” сұйығы өндіріледі.

 

Еліміздегі Атырауда ғана бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіретін зауыт 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Өзінің жоғарғы тамақтық құндылығына байланысты бекіре тұқымдас балықтар әлем аквамәдениетінде ерекше орын алады. Біздің куә болуымызбен арнайы сүзгіш құралдармен ауланатын шабақтар су құйылған ыдысқа салынып, саны есептеп шығарылып, кейіннен Жайыққа кері жіберілді.

Бүгінгі күніміз көптеген жағымды эмоцияларға және химия-биология саласындағы өз білімімізді тереңдететін мағлұматтарға толы болды. Осы алған мағлұматтар тек біздің ғана емес, сіздердің де бұл салаларға құштарлықтарыңызды арттырады деген ойдамыз.

Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше дейміз!

 
0
0
1917

Осы тақырып бойынша

Индустрия заманына қадам басқан Атырау - Yvision.kz