Атыраудағы Павлодарлықтардың екінші күні
Салеметсіздер ме, құрметті достар! Сіздердің назарларыңызға Павлодар қаласының химия- биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ең үздік «Оқжетпес» шаңырағының «Туған елге тағзым» атты экспедицияның екінші күні жайлы баяндамақпыз. Біз үшін үлкен әсер қалдыра білген – «Brando» шприц өңдеу зауыты.
Бұған дейін сырттан әкелінетін медициналық құрал-жабдықтар енді өз елімізде шығарылып жатыр. Сол арқылы еліміздегі барлық медициналық мекемелер шприцпен толық қамтылмақ. Ал бұған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Атырау облысында ашылған «Брандо» зауыты мүмкіндік береді екен. Бір жылдан жаңа асса да, бүгіннің өзінде бұл мекеме алға қойған мақсатына табандылықпен қол жеткізіп келеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары қызу үстінде. Бұл жұмыстар жүзеге асып "Brando"-лықтар жылына 250 миллион дана шприц шығарып, тек облыстағы медициналық мекемелерді ғана емес, көршілес аймақтарды да отандық өніммен қамтамасыз ететін болады деген сенімдеміз. Ол шикізаттар алғашқы сатыда арнайы аппаратпен өңделеді. Одан соң шприцтің қалыбына салынып дайындалған өнімді мамандар микроскоппен тексеріп, жарамды болса ғана жинақтау цехына жібереді. 3,5,10,20 млграмдық шприцтер барлық бөлшектері құрастырылған соң, залалсыздандыру машинасында 8 сағат сақталады. Толық автоматтандырылған өнім өндіру үдерісі халықаралық сапа сертификаттарына сәйкес атқарылады.
Тағы бір жаңалық, зауытта бір реттік шприцтермен қатар, инфузиялық ерітінділерді құюға арналған системалар мен медициналық қолғаптарды шығару да жоспарланып отыр. Жаңа зауыт жылына 200 миллион медициналық қолғап пен 30 миллион система шығаруды мақсат етеді. Жалпы құны 2 млрд 500 млн теңгені құрайтын жобаға қажетті жабдықтар Оңтүстік Кореядан әкелінді. Ал қолғап жасайтын табиғи каучук Малайзиядан, Индонезиядан тасымалданады. Бір реттік шприцтер секілді, қолғаптар да елімізде алғаш боп Атырауда шығарылғалы отыр.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Келесі жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!
Blog-ты дайындаған: Медетбек Қаламқас 11 - "С" сынып оқушысы