Мазмұнға өту

Жаңа

Астана төңірегіне 100 жел генераторы орнатылады

ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай елорда төңірегіне 100 жел генераторы орнатылатын болады. Бұл жайында бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Орта Азиялық отын энергетика компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов мәлім етті. «Біз қала маңында жалпы қуаты 100 мегаватты құрайтын шамамен 100 жел генераторын орнатқымыз келеді. Бұл да елорда келбетіне өз үлесін қосар еді. Ұшақпен келген жолаушылар бұл жел генераторларын көреді», – деді ол Мемлекет басшысына ЭКСПО қалашығының құрылысымен таныстыру барысында. Оның атап өтуінше, қалашықта Энергияны зерттеу орталығы құрылатын болады. Ол адамның тіршілігін қамтамасыз ететін экологиялық тұрғыда таза үш зауыттың басын біріктіреді. Аумағы 25 гектарды құрайтын ғимараттардың бірінің күмбезі астында қатты қалдықтард…

0
0
350

Сот Табиғи монопллияларды реттеу агенттігінің төрағасын қамауға алуды санкциялады

2014 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановты қамауға алуды санкциялады.

Қаржы полициясы агенттігі оған табиғи монополиялар субъектісіне көмек және қамқорлық жасағаны үшін 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тақты.

Оспановқа уақытшы ұстау абақтысынан тергеу абақтысына ауыстырылды.

0
0
382

Араб елдеріндегі (Ливия, Сирия) мемлекеттік төңкерістергедіни экстремистік ұйымдардың ықпалы

ҚР ДІА Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің Аға ғылыми қызметкері М.И. Оспанов Араб елдеріндегі (Ливия, Сирия) мемлекеттік төңкерістергедіни экстремистік ұйымдардың ықпалы Бүгінгі таңда араб елдерінің ішкі саяси ахуал әлемнің алпауыт держава елдері арасындағы қырғи-қабақ қақтығысқа айналып отыр. Көптеген мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдары араб елдерінің ішкі жағдайы туралы хабарларды үнемі таратып жатыр. Дегенмен, әлем державалары араб елдеріндегі шиеленіс жайлы мәлімметтерді өз мүделеріне сәйкес бейімдеп жариялауда. Әлем саясаттанушыларының зерттеулерінде араб елдеріндегі саяси дағдарыстың себебі - ішкі саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайдың ықпалы деген баға беруде. Сонымен қатар, сыртқы күштердің ықпалы анық байқалады. Ол араб…

0
0
2488

ӘЧ-2014: Франция құрамасымен матч алдында Германияның 7 ойыншысы тұмауратып қалды

Футболдан Германия құрамасының 7 ойыншысы Франция құрамасымен ширек финалдық ойындар алдында тұмауратып қалды. Бұл туралы Германия құрама командасының бас бапкері Йоахим Лев мәлім етті. «Бөлмелердегі салқындатқыштардан және жиі көшіп-қона бергендіктен ойыншыларға суық тиді. Ойынға дейін олар тәуір болады деген үміттеміз», — деді Й.Лев БАҚ-қа берген сұхбатында. Бразилияда Германия құрамасы футболшыларының денсаулықтары сыр берген. Жаттықтырушының сөзіне қарағанда, сырқаттанып қалғандықтан шабуылшы Лукас Подольски мен Матс Хуммельс Алжир құрамасына қарсы ойынға қатыса алмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС. «Қазір ол ойыншылар сауықты. Бастиан Швайнштайгер, Сами Хедира және Филипп Лам да айығып келеді. Бірақ, Кристоф Крамердің жағдайына алаңдаймын» — деген бапкер өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік…

0
0
212

Алжир құрамасы әлем чемпионатынан алатын сыйақыларын палестиналықтарға аудармақ

Алжир құрама командасы 2014 жылғы әлем чемпионатында алатын өздерінің сыйақыларын алудан бас тартты. Дәлірек айтсақ, олар сыйақыларын толығымен Газа секторындағы жағдайы нашар палестиналық мұсылмандарға аудармақ. Бұл игі бастаманы Алжир құрамасының шабуылшысы, топтық соңғы кездесуде өзінің шешуші голын соққан Ислам Слимани көтеріп отыр. «Оның үстіне Африка құрамасының ойыншылары турнирге қатысқанда алатын ақшалары қолға тимегендіктен, ары қарай ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын. Бұл бір жағынан сол африкалықтарға үлгі ретінде ұйымдастырылған іс-шара болса керекті. Сондай-ақ, Ислам Слимани алатын сыйақыларын Газа қаласындағы зардап шекккен халыққа жіберетіндіктерін айтты және де бір сөзінде: «Бұл ақшаға бізден гөрі солар мұқтаж», — деп нағыз мұсылмандық үлгі көрсетті», — деп жазады…

0
0
228

Ресейде өткен турнирде атыраулық Мұрат Тәжиев «Ең үздік боксшы» атанды

РФ Волгоград облысы Палласовка қаласының күніне орай жасөспірімдер арасында бокстан ХІІІ ашық біріншілік мәреге жетті. Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы Ахмедияр Батырхановтың хабарлауынша, аталмыш жарысқа Дағыстан мен Қалмақ республикасынан, Волгоград, Саратов облысының қалаларынан балғын боксшылар қатысты. Қазақ елінің намысын қорғап барған атыраулық бапкер Қайрат Есқалиевтің шәкірттері топ жарды. Атап айтқанда, Мұрат Тәжиев (34 келі) бірінші, Абдолла Бекет (43 келі) пен Муаз Халухаев (33 келі) екінші орынды иеленді. Ашық турнир барысында рингте әбжыландай қимылдап, қарсыластарын шыдатпаған Мұрат Тәжиев «Ең үздік боксшы» аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталып, Волгоград облыстық бокс федерациясының президенті Владимир Глиняновтың қолынан түрлі түсті теледидар алды…

0
0
388

ӘЧ-2014: Колумбия президентінің өкімімен Бразилиямен болатын матчты ел халқы жаппай көретін болды

Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос елдің барлық тұрғындары футболдан әлем чемпионатының ширек финалда осы ел құрамасының Бразилиямен  матчын көре алатынын мәлімдеді.

Бұл туралы El Heraldo басылымы хабарлады.

Президенттің өкіміне сәйкес, Колумбияда 4 шілдедегі жұмыс күні 13.00-ге дейін ғана созылып, осы матчты тамашалағысы келгендердің бәрі үйлеріне, немесе ойынды көрсететін қоғамдық орындарға ертерек жетіп алады. Екі құраманың кездесуі жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған.

Бразилия мен Колумбия арасындағы ойын 5 шілдеге қараған түні Астана уақыты бойынша 02.00 кезінде басталады.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
270

Үш қазақстандық клуб Еуропа Лигасындағы алғашқы матчтарын жеңiспен бастады

Бүгiн Еуропа Лигасының бiлiктiлiк раунды аясында алғашқы матчтар өттi. Алматылық «Қайрат» өз алаңында Албанияның «Кукеси» командасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ойындағы жалғыз голды 89-шы минутта Аслан Дарабаев салды.

Ал елордалық «Астана» сырт алаңда «Пюник» клубын 4:1 есебiмен ойсыратып салды. Қарағандылық «Шахтер» де «Ширак» командасын тiзе бүктiрдi. Ойындағы есеп — 2-1.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
189

Мереке күндері Астанадағы тәртіптің сақталуын 800 полицей қадағалайды.

Мереке күндері Астанадағы тәртіптің сақталуын 800 полицей қадағалайды. «ҚазАқпарат», 04.07.2014ж. Астана күнін тойлау күндері, яғни 4 шілдеден 8 шілдеге дейін 800-ден астам полицей қаладағы тәртіптің сақталуын қадағалайтын болады, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінен. «Мереке күндері қоғамдық орындарда, көшелерде, мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылатын жерлерде заңбұзушылықтың алдын алу үшін қосымша шаралар қолға алынуда. Департаменттің 800-ден астам қызметкері әуежай мен сапаржайдағы тәртіпті, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - делінген таратылған хабарламада. Полицияның мәліметінше, маңызды және ерекше маңызды нысандардағы, арнайы мекемелердегі, сондай-ақ әкімшілік ғимараттар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы күзет қызметі күшейтіледі. Бұл үшін…

0
0
300