Мен өмір тазалығын қолдаймын!
Жазда отбасымымызғы салмақ түсірмейік, оқып жүрген курсымныздың ақшасын өз қалтамыздан шығарайық деп, достарымыз үйлеріне қайтқанда, құрбымыз екеуміз Алматыда жұмыс істеп қалдық. Алыс бір нағашы ағам мен әкпем бар еді, сол кісілердің үйінен қатынап жүрген едім.
Олардың маған берген бөлмесінде толған кітаптар болатын. Негізі нағашым көзі ашық, іні-қарындастарына діни кітаптар мен жетістікке жету жолдары тура кітаптар жиі сыйлайтын. Недеген кітаптар десеңші! Құранның араб тілінен бастап ағылшыншасынан дейінгі, әлемдегі ең беделді, дана адамдардың кітаптар осы бөлмедегі сөрелерде жиналған.
Сол кітаптардың ішінен Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыздың өмірі жайлы кітап көзіме түсті. Осы кітапты оқи келе, бірден үйге барған соң анамнан намаз оқуды үйренемін деген шешім қабылдадым.
Анам бірден керекті нәрселердің бәрін алып берді.
Оқуға қайтпас бұрын анам маған кетер алдын ''Жайнамазыңды салып қой, кірленіп қалмасын”- деп экологиялық таза материалдан жасалған дорбаны берді. Жайнамазды ішіне сала бергенде сыртындағы жазуы көзіме түсті
Бұл дорбаның сыртынды “Мен өмір тазалығын қолдаймын”- деп жазулы тұр екен. Сонда бірден маған ой келді. Біз экологиялық таза материадарды қолданып айналамыздағы қорғашаған орта мен материалды игіліктердің тазалығын сақтаймыз. Жақсы, пайдалы, ас пен киім киіп тәнімізді таза ұстағамыз келеді. Ал жанымыз ше? Оның тазалығы ше?

Бірақ оның жауабы әуелі бастан табылып қойған. Ол – намаз оқу! Аллаға құлшылық ете отырып біз күнәларымыздан тазаланамыз. Жанымыз жай тауып, жүрегіміз қандай жағдай болмасын “Бәрі жақсы болады”- деп лүпілдеп соғып тұрады. Бос күйгелектенуден арыласыз. Бірақ намаз оқудың сауабы мен онда болатын сезімдер туралы неше кітап жазылып, қанша айтылды десеңші.
Ең бастысы – рухани, моральді тазалықты ұмытпауымыз керек. Бәріміз өз-өзімізге “Мен өмір тазалығын қолдаймын” – деп айта отырып, оның бүкіл аспектісін ұмытпауымыз керек, яғни материалдық та, рухани да.
Сонда бұл дорбаның сыртындағы сөз барлық жақты қамтып тұрған секілді болып көрінді маған. Сыртқы материалы таза экологиялық материал, ал ішінде жайнамаз...
