Қоштасқан қиын екен...
Кеш жарық, достар! Өкінішке орай, бүгін Атырау қаласындағы экскурсияның соңғы күні және де сіздер үшін жазатын соңғы блогымыз. Осындай қысқа уақытта «Туған елге тағзым» жобасы бойынша көп жұмыс атқарып, Атырау және Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына бауыр басып,достасып кеткен болатынбыз. Сонымен қатар, көңілімізді сергітерлік те жайттар болды. Осы күніміз «Chaplin Cinema» кинотеатрында «Трансформеры» кинофильмын көрумен басталды. Фильм өте қызықты болды деген ойдамыз. Киноның тәрбиелік маңызы зор. Себебі адамзатты жоюды мақсаттаған адамдардан әлемді құтқаруға адам ғана емес, роботтар да көмек көрсетті. Бұл, біздің ойымызша, достық пен бірліктің ғана арқасында. Адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орда – кітапхана екендігі бәріне мәлім.…