Өкінішке орай, соңғы блогымызды қабыл алыңыздар !!!
Таң атумен тұрдық біз құшақ жайып,
Шықтық алтын мектептен асқа тойып.
Киноға бірден жолды тарттық,
Фантастика жанрына көзді қойып.


Намыс болды фильмнің мағынасы,
Махаббат, ар мен ұят нағыз расы.
Қарамайды бұл нәрсеге адам жаны,
Қарамайды бұл нәрсеге адам жасы.
Кейін барған жеріміз – кітапхана,
Бұл жерде сақталғаны білім ғана.
Оқушылар барлығын толық тыңдап,
Озат болды тыңдаудың жөн жағына.




Содан кейін мектепке қайтып келдік,
Мерекелік кешкі асқа бірден ендік,
Концертімізді көрсетік баршамызға,
Тырысып, жалқаулықты біз де жеңдік.
Ақырғы күн керемет өтті десем,
Кем болмайды, өтті ғой екі есе.
Қуанып, құшақтарын жайып келіп,
Жылы лебіз, толғандырар тілек тілеп,
Өткен күн ойда біздің мәңгі қалды,
Естелікті сақтадық, ойға тіреп.

Жазғандар: Камал Нұралы
Апушев Еламан
Редактор: Еслям Мақсат



