Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау — индустриялды қала

Бүгін біз 4 зауытқа барып келдік,

Ауыр күн, қиын кезді күтіп едік

Ең ауыры бұл күннің, ақпаратты

Жинастыру болар деп, ойлап едік

 

Алайда, жеңіл болды бүгін бізге

Керек еді тек түсу дұрыс ізге

Қызықты болғанын шын айтамын

Айтайын толығырақ бәрін сізге.

 

Атырау мұнай машина зауытына

Бардық біз таңертең, күн шыққанда

Дәнекерлеу кәсібімен танысып ап,

Кеттік біз әдемі қаламызға.

Жол жүрдік "Brando" шприц зауытына

Айтып берді бәрін, жұмыс барысын да.

Бір рет қолданатын шприцтарды,

Шығарады күніне 200 мың дана.

АМӨЗ зауытына да бүгін бардық

Мұнай өңдеу барысын сатыладық

Үдерісті толықтай талдап алып,

Зауыттың түпкір-түпкірін араладық

 

Жол тарттық АББӨ* зауытына,

Сезініп қара балық ауытына,

Бекірені сақтап та, өсіретін,

Сәлем бердік кешеннің қауымына.

Жұмыстың қалай жүред екендігін,

Бас маман бізге мәлім түсіндірді,

Жұмысшы бекіренің үлкендігін,

Көрсетіп, барлығын да сүйсіңдірді.

Осы күн есімізде қалары рас,

Зауыттар өмірге пайда болар рас,

Индустриялдық қала, осы Атыраудың

Болашаққа үлкен үміт қояры рас.

Келесі кездескенше...

Жазғандар: Апушев Еламан

Камал Нұралы

Редактор: Еслям Мақсат

0
0
929

Осы тақырып бойынша

Атырау — индустриялды қала - Yvision.kz