Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

...Айналдым Атыраудай көргенді елден...

Біз келдік...

Мәшһүр Жүсіп дүниеге келген жерден;

Бұқар жырау ана сүтін емген жерден;

Арманымыз еді Бекет ата жерін көру;

Айналдық Атыраудай көргенді елден...

Кеш жарық, құрметті оқырман қауым! Міне, «Туған елге тағзым» атты жобасының бірінші күнінің соңына да келіп жеттік!

Солтүстіктің салқын самал желіне үйренген павлодарлықтарды Атырау қаласы өзінің ыстық лебімен құшақ жая қарсы алды.

Атырау қаласы аса көрнекті тарихи жерлерге бай. Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған Хан Ордалы Сарайшық елді мекенінен алған  әсеріміз мол болды.

Сарайшық десе, ішкен асын жерге қойған, туған жерін қастерлеп, қазағымның тарихын жастардың санасына құйған Молдаш Бердімұратұлы атамыздың сіңірген еңбегі зор.

Жеті ханның сүйегі, бір ханның басы жерленген Сарайшық қаласының орнында отырғызылған Әулиеағаш көптеген өмірлік оқиғалармен тығыз байланысты.

Соған дәлел  зағип, мылқау, керең қыздың бір Алланың ғана көмегімен сол дерттерден арылуы.

Атырау қаласы өзінің тарихына ғана емес, сонымен қатар жаңа заманауи аграрлық және өндірістік орындарға да бай екендігіне бүгін көзіміз анық жетті. Елбасымыз ұсынған «2020 Жаңа Индустрияландыру» жобасы бойынша ашылған сиыр сүтін өндіру кешені екі жыл бұрын ғана өз жұмысын бастады. Соған қарамастан бұл кешен болашақта үлкен белестерден көрінеді деген үміттеміз.

Алдағы уақытта бұл өндіріс орны 12 түрлі өнімді халыққа ұсынуды ойластыруда.

Атыраудың жаңа заманауи өндірістік орындарына келетін болсақ, Атырау Полиэтилен Құбырлар Зауыты, Атырау Құбырлар Арматурасы Зауыты мен «RauanNalko» ЖШС-не тоқталмай кетуге болмайды.

2011 жылдың 15 ақпанында «Chevron» компаниясына тиесілі Атырау полиэтилен құбырлары зауыты іске қосылды.

 

Қазақстан мен АҚШ-н біріктіретін, экономикамызды жаңа деңгейге көтеретін «RauanNalko» ЖШС-нің құрылуына бір жыл болды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, жоғарыда айтылған орындарға жасалған экскурсия нәтижесінде өзіміз үшін мынадай түйін шығардық: қандай жұмыс орны болмасын, біздің жүрегімізге із қалдыратын сол жердегі қызмет ететін адамдар.

Келесі блогымызды асыға күтесіздер деген үміттеміз!

 

P. S.: Бұл біздің алғашқы блогымыз болғандықтан, бізді қатты сынға алмауларыңызды сұраймыз.

 
0
0
2681

Осы тақырып бойынша