Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекция «Бәсекелестік туралы» Заңның 33-бабын (мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері) бұзу фактілері бойынша 5 мемлекеттік органға: — Амангелді ауылдық округінің әкімдігіне; — Лисаковск қаласының, Әулиекөл, Ұзынкөл және Қамысты аудандарының жер қатынастары бөліміне қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу жүргізудің негізі «Система Грид» ЖШС-дан келіп түскен өтініш болды. Мемлекеттік органдар мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметтерін (мемлекеттік монополия), сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде аталған қызметтерді бір жұмыспен сатып алуды жүзеге асырған. Осылайша, бәсекелестік шектелген, себебі мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметтер…