Тілші болу – арманым...
Адамның бәрінен де бала қиалы ұшқыр ғой… Мен кішкентай кезімде мамандық дегеннің не екенін білмейтін дәуренімде ғарышкер болуды армандаған болатынмын. Сансыз көп жұлдыздарға түнде қарап жатып, «Шіркін, ана жұлдыздардың біреуін анамның туған күніне сыйласам ғой...» деген бала арманым жадымнан еш кетер емес. Анама «Мен ғарышкер боламын» дегенімде «Қой, қыздар жер бетінде жүретін мамандық таңдауы керек. Мен уайымдайтын боламын ғой сен алыста жүрсең» деп бала жүректің екпінін бәсеңдедіп, «жұлдыз әлеміне жетсем» деген арманымды сейілткен еді. Бірақ өсе келе, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Павлодар қаласында осы шеберлікке үйрететін ұйым іздеуге кірістім. Ме…