БҚА-да «Сатып алу туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өтті
Ағымдағы жылғы 1 шілдеде БҚА-да Төраға орынбасары Ә.Б. Мәтішевтің төрағалық етуімен мемлекеттік органдардың, Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығының қатысуымен «Сатып алу туралы» Заңды әзірлеу мәселесін талқылау өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасының негізінде БҚА аталған заң жобасын әзірлеуге кірісті.
Ә. Мәтішев кеңеске қатысушыларға хабарлағандай, жоба Парламент Мәжілісіне ең қысқа мерзімде енгізілуі тиіс.
Кеңестің мақсаты — жобаның құрылымы мен мазмұнын талқылау.
