Өлген адамдарды көріне қарап санама
Кеше ресейлік примадонна Алла Пугачеваның Мәскеудегі Кузьмин моласынан өзінен орын сайлағанын оқып бір оқиға есіме түсіп кетті. 1985 жылы атам дүниеден өткенде әжем «Менің де баратын жерім сол ғой, жанынан орын ала салыңдар» депті. Мұнысы өлімді шақыру емес, ана дүниеде де жолдасының жанынан табылу ниетімен жасалған іс. Ол кезде біз әлі туылмақ түгіл, жоспарға да енбегенбіз. Бірақ, естуімше сол әрекет өз уақытында ауылда үлкен әңгіме тудырыпты. «Көрі шақырады емес пе, мұнысы несі?» депті біразы. Бірақ, әжеміздің жасы тоқсанға жақындап қалды. Құдай ғұмырын ұзақ қылсын, әлі күнге дейін бақуатты. Жадынан жаңылмаған, көру, есту қабілеті де кемімеген. Біздің ауылда моланы «мортық» дейді. Қазір сол мортығымыз қабірстанға айналыпты. Әрине, тумақ бар да, өлмек бар. Ауылға жылына бір мәрте барып қ…