«Алға!» мұнайшылар ереуіліне миллиондаған қаржы бөліпті
2011 жылы орын алған желтоқсан оқиғасына қатысты Жаңаөзендегі бүліктің кінәлілерін анықтау мақсатында Ақтау қаласында 16 тамыз басталған сот әлі жалғасуда. Бүгінгі сот процесіне Еуроодақтың Қазақстанның саяси мәселелері бойынша жауапты тұлғасы Анэт Джейкобсон да қатысты. 29 тамыз күні Айжангүл Әмірова куәлік ете бастаған болатын, алайда 8 сағатқа созылған жауап алу аяқталмаған соң, келесі күнге қалдырылып, яғни 31 күні жалғасын тапты. А.Әміроваға айыпталушы Серік Сапарғалидың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сізді бәрі біледі. В. Козловтың сеніміне ие болдыңыз. Тіпті, Еуропаға дейін танымалдығыңыз артып Халықаралық деңгейдегі саясаткер атандыңыз» сынды сөздермен куәнің деңгейіне де тоқтала кетті. Ал Козлов куәге сұрақ қоюды бастамас бұрын, әуелі оны…