Нөмір-өмір...
Негізі әр аймаққа көлік нөмірлері әліпби бойынша берілді. Ал, мен мына жазбаны жыл басына таласқан жануарлар туралы аңыз ізімен жазып шықтым. Оқып көріңіз... ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті облыс, қала әкімдерін жиып, жаңа көліктердің нөмірін таратыпты. Шығыс Қазақстан облысы мен ОҚО әкімінен басқасының бәрі жиналған. Шығыстың әкімі Бердібек Сапарбаев әлі күнге шейін адамның тізесінен келетін омбы қармен күресіп әлек екен. Ал, Асқар Мырзахметов болса Наурыз мерекесін 9 күн бойы 9 түрлі етіп атап өтеміз деп тойшылап жүр. Қалған әкімдер түгел жайғасыпты. Дәл алдында қасқайып И.Тасмағанбетов пен А.Есімов әңгіменің майын тамызып отыр. Комитет басшысы сөзге келместен 01 – Астанаға, 02 – Алматы қаласына дегенде, бәрі жамыраса қолдапты. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов орынсыз әңгімеге ар…

