Мазмұнға өту
Mrojin

Максим Рожин

@Mrojin

Сайтта 2011 ж. 23 қарашаКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

30

пікірлер

63

тіркелуші

45

жазылымдар

73

Баянауылға саяхат.

Биылғы жылдың қысқы мезгілі жақсы бір сапармен есте қалды. Биыл Павлодар облысына қысқы фототур жасап қайттым. Ал сол сапардың ең қызықтсы Баянауылға соға кеткенім ерекше әсер қалдырды. Осы жерле келудің өзі бір ұлкен арман болатын. Бірақ қысқы мезгілде келгенім өзім үшін таң қаларлық жағдай болды, өйткені қақаған суықта, бораннан түк көрінбейтін жолмен біз Баянауылға тек үшінші мәрте жете алдық. Жолдағы жағдайға қарағанда, Баянауылдың ауа райы тыныш болды.Әрине кейбір жолдан сонда да өтуге тырыссақ та, мүмкіндік болмады. Бірақ Жасыбай көліне жеттік әйтеуір. Жасыбай. Талай тарихтың куәсі - Жасыбай. Қалмақпен жауласқан заманда Шойында аталып жүрген көл, маңайында Жасыбай батыр мерт болғанда, оны Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар жерлегенде, "осы көл Жасыбай көлі атансын" деп ұйғарған к…

1
0
2350

Ықылас пен шын ниет туралы.

Осыдан үш жыл бұрын қаладағы бір компаниялардың бірінде қызмет етем. Бізге Ұлттық спорт түрлерін суретке түсіруге тапсырыс түсті. Соны орындау мақсатында бірнеше күн түсірілімдермен өтті. Дәл осы себеппен Астана маңайындағы Софиевка ауылына жолым түскен болатын. Нәтижесінде осы Софиевка ауылы мен құсбегі Күнтуған және оның өз ұлтына деген шын ықыласы менің жүрегімде қалды. Менің ойымша дәл осындай қарапайым, өзінің сүйікті ісіне жан-тәнімен берліген кісілер ұлттың жанын, санасы мен ниетін тәубесіне келтіреді, еңбегінің жемісі арқасында халқының мәртебесін көтереді, өз ұлтының (смартфон ұстаған, Android пен IOS-қа санасы уланған біздердің емес) шынайы кейпін сақтайды. Ия, дәл солай. Шетелдік фотографтар, саяхатшылар басқаны емес, осы кісілерді көру үшін, суреттерін түсіру үшін, өз еліне кө…

4
1
4791

Саяхат менің ең сүйікті ісім.

Саяхат менің сүйікті ісім. Рас. Елді кезіп, жаңа жерді көріп, суретке түсіргенді ұнатамын. Биылғы жыл керемет саяхаттарға бай болды. Сол саяхаттар туралы асықпай жазып, сіздерге еліміздің керемет жерлерін таныстыруды жалғастырамын. Өйткені мындағы блогпарақшама жазбағалы көп болып қалды. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның керемет табиғатымен, Батыс Қазақстанның Хан ордасы туралы, Текелі маңайындағы табиғат көрінісімен, Астанадағы керемет көріністермен бөлісетін боламын. Көбін сіздер instagramдағы парақшамнан да көрген шығарсыздар. Ал мында мен сол суреттермен байланысты кейбір қызықты жәйттармен бөлісетін боламын. Сол секілді өзім естіп, біліп, көріп үлгерген қызықтармен де бөлісемін. Мысалы Дәулеткерей мен Жәнгір хан кесенелері осында қалай пайда болғанын. Берелге сапар туралы толығырақ б…

3
5
40799

Ұлттық спорт түрлеріне фотоэкскурс

Осы үлкен фотосессия барысында жастардың ұлттық спортты сүйетіндері мені қуантты. Көкпар, асық ату, қыз қуу, тоғыз-құмалақты ойнайтын жастар болашақта осы спорттың дамуына үлес қосатынына сенімдімін. Олардың ынтасынан осыны байқадым. Кейбіреулері тіпті жылқының жанында болып, үстіне бір рет міну үшін келеді екен ипподромға. Теңге ілу - ұлттық спорт түрі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Бастысы жерде жатқанды іліп алып кету. Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйгеөзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібексұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Ос…

«Қойшылар алгебрасы» — 4 мың жылдық тарихы бар ойын. Тоғыз-құмалақ ойынының әлемде 100-ден астам түрі бар.

Мен қызмет етіп жүрген компания жақында осы ұлттық ойынына арналған фотосессия ұйымдастырғанда, балалық шақта болған бір сәтті есіме түсірдім. Алғаш рет осы ойынмен танысқанда айтып жеткізе алмайтын сезімде қалдым. Ол уақытта, ауылдың балалары, көшеде асық, ләнгі, нарды, шүлік ойнайтынбіз. Бір күні ауылға қонаққа келген жігіт тоғыз-құмалақ ойынын алып келді. Көрші үйдің алдында күнде жиналатын болдық. Көшемде айналдырған бес - алты баламыз. Бұл ойын туралы естіп көрші көшелерден де келетіндер күннен күнге көбейді. Ойын құмар, жарысқа ниетті балаларға бір тақта жетпейтін болды. Үйлерімізге барып, қолдан келгенше өзімізге отаулары мен қазандары бар тақталарды жасап алатынбіз. Әйтеуір қысқа уақытта біздің көшеде осы ойын түрінен кәдімгі жарыстар басталып кетті. Алайда ұзыққа созылмады, жазғы…

8
6
8425

Ұлттық спорт — балалық шаққа саяхат

Оңтүстік Қазақстанға алты жасымда көшіп келгенімде біздің ауылдың балалары асық, ләнгі ойнап көкпар мен бәйгенің ең жалынды жанкүйері болды. Аз уақыттың ішінде мен де оларға қосылдым... Менімен бірге сол балалық шаққа саяхат жасап, ұлттық спортың қазіргі жағдайымен танысыңыз. Жақында "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ тапсырысымен біздің APEX Соnsult компаниясы ұйымдастырған фотоссесия кезінде "бойында Арыстың" өткен балалық шақ күндерім есіме түсті. Менімен бірге сол балалық шаққа саяхат жасап, ұлттық спортың қазіргі жағдайымен танысыңыз. Қазіргі асық ойынының майталмандары секілді біз әдемі ұлттық киім кимейтінбіз. Асық ойыны ол кезде ұлттық спорт емес, Наурыздың кезінде ұлттық ойын есебінде жүрді. Көктем басталысымен ауыл балалары қораларында қапшықтарға сақталған түрлі түсті асықтарды көшеге алып…

3
2
5680

Кадр сыртында қалған оқиға. «Моя планета» арнасымен Түркістанға саяхат.

Сапар. Телеарнада қызмет еткенімде талай сапарды бастан өткердік. Ең қызығы, әрбір сапар ерекше, ұзақ уақытқа есте калады. Ал киелі Түркістан қаласына мына сапарым шынында да ерекше болды. Біріншіден Оңтүстік өлкеге Наурыз мерекесі кезінде бардым, наурыз көжені аңсап, сағынып! Еех шіркін ауылдағы балалық шақ ))) Екінші ерекшелік - бұл жолы тілші ретінде емес, гид болдым. Қазақтың ұлттық тағамын "Моя планета" арнасына таныстыру үшін. Компаниямыз APEX Consult елді шетелге таныстыруға үлес қосу мақсатымен, көптеген елдерге ақпарат тарататын "Моя планета" арнасын шақырдық. Қысқасы бұл сапарда ерекше қызықтар көп болды, танысуға уақытыңыз болса фотоблогыма қош келдіңіз. Ескере кететін тағы бір өте маңызды мәселе: ОҚО әкімшілігі, соның ішінде Берік Уәли деген азамат пен Түркістан қаласының әкім…

2
0
4183

«Қазақтарды» патшалық Ресей заманында «қырғыз» деп атауына БАҚтың қандай қатысы бар?

Айтылған сөз, атылған оқ. Ал БАҚ беттерінде абайсыз жазылған сөздің кейде БОМБАға айналуын қазір ақ байқап жүрміз. Кейде әдейі, кейде біреудің қателігімен жазылған мақала адамның болмысы мен тіршілігі түгілі, бүтін бір халықты байырғы атануынан да айыра алады екен. 1734 жылы "Санкт - Петербургские ведомости" газетінде жарық қорген мақалаға және қазақ халқына оның кейінгі әсері қандай болғаны туралы тарқатып жазғым келеді. 1870 жыл. Алқабилер соты. Тарих. Мектепте біз онымен алғаш рет таныссақ, есейгенде өзіміз де сол тарихтың бүгінгі бөлшегі екенімізді түсіне байстаймыз. Абайша айтсақ "кетігімізді тауып, тарих атты зәулім ғимараттан өз орнымызға кірпіш болып қаланамыз". Алайда қандай әрекетпен "қаланамыз"? Кеше біздің қатысымызбен орын алған оқиға, ертең ел тарихының беттерінде мәнгі қала…

Қазақ елінде 143 жыл бұрын түсірілген суреттер АҚШ Конгрессінің кітапханасында қайдан жүр? 140 жыл бұрынғы Оңтүстік Қазақстанның келбеті!

143 жыл бұрын еліміздің оңтүстік аумағында жаппай "фотосессия" ұйымдастырылды. Қалалар мен жергілікті халық тұрмысы, тарихи ескерткіштер мен көне ғимараттар фотограф назарынан тыс қалмады. Бұған арнайы тапсырма болған. Патшалық Ресейдің Ташкенттегі ресми өкілі, генерал-губернатор К.Кауфманның пысықтығы ма, әлде арнайы зерттеу науқаны ма, әзірше белгісіз. Бірақ сол әрекеттің арқасында бізге 140 жыл бұрынғы өмірді көрсететін 1200 жуық сурет жетті. "Түркістан альбомы" атты төрт томдық жинақ 1870 жарық көрді. Бұл туындының толық нұсқасын АҚШ Конгрессінің кітапханасы жақында ғаламтор беттерінде жариялады. Шымкент 1870 жыл. Бүгінгі қаланың келбетіне қарап, бұрын осындай болғанына шынымды айтсам алғашқы кезде сенбедім. Алайда нақты фактқа қарсы болу мүмкін емес ))) Осы көне суреттердегі бүгінгі…

Баламен қайда барамын, немесе оқушыларға Сарай салып берген Школьник

Жұма сайын үйімізде пікір талас басталады. Демалыс күндері қайда барамыз? Керуен, Азияпарк, Ханшатыр және тағы басқа ойын-сауық орталықтарына демалыс сайын барып қомақты сома қалдыру қиындау болып барады. Оған қоса "біреудің пәтері" деген атракционға ай сайын төлеп жатқан жайымыз бар. Сондықтан балаға қызықты, сонымен қатар пайдалы демалыс ұйымдастыруды ойластырып жүрдім. Кеше Астанадағы Оқушылар сарайына жолым түсті. Қатты таң қалдым. Бұл ғимараттың жанында өткен сайын таң қалатынмын. Керемет жобаға сүйеніп салынғаны сыртынан-ақ көрініп тұрды. Өткен демалыс күндері Сарайдың ішіне де кірдім. Ендеше іште жүріп алған әсеріммен бөліскім келеді. Ғимараттың ішіне кірген кез келген адам мына бір конструкцияға назар аударады. Ол үнемі айналып тұрады, ал конструкцияның астында Сарайдың ресми симв…

8
3
2351