127 сағат фильмі
Менің бір жаман әдетім бар - киноларды ешқашан шыққан уақытында қарамаймын. Екі, үш, тіпті он жыл өткесін "шоланнан" тауып алып, мә, осы фильм жайлы естіп едім кезінде, қарайғойайыншы (?) деп ақыры соған жетемін. "127 сағат" деген киноны сөйтіп өткен жатыста қарадым. Бұл фильм тауда тұтылып қалған жігіт жайлы және бұл өмірде шын болған оқиға бойынша түсірілген. Енді фильмнің сюжетін айтпайақ қойяйын - қызығып қараймын десеңіз, рақатыңызды бұзбайақ қойяын. Бірақ бірнеше ойларымды жариялайын. Біріншіден, осындай қан төгіліп, қатты ауру, қиыншылық жайлы фильмдерді ұнатпайтынмын. Басымды бұрып, жеркеніп әрең қараймын немесе тиып тастаймын. Ал бұл киноны бастан аяғына дейін көзімді алмай қарадым. Адам баласының шыдамдылығына, үміттігіне, тапқырлығына таң қалдым. Әрине, сосын түні бойы өзімнің…