Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Үкіметті көлік кептелісі толғандырады

09.11.12.Алатау бөктеріндегі алып мегаполисімізді көлік кептелісінен құтқару мәселесі Министрлер Кабинетін толғандыруын қояр емес! Талай жыл бойы бірнеше Үкімет Алматы метросының құрылысын бітіруге жан салып, тіпті жаһандық дағдарыс кезінде қаражат жетіспегенде де қысқартпай, қайта ел қазынасынан миллиардтап қаржы құйды. Ақыры ол «ғасыр құрылысы» К.Мәсімов басқарған Үкімет тұсында аяқталып, қазір тұңғыш метро әсем шаһардың тұрғындары мен қонақтарының қолданысына берілген. Ал енді кеше жаңа Үкіметтің басшысы С.Ахметов алматылық көліктік тағы бір жобаның «Үкіметтік деңгейге көтерілгендігін» жариялады. Премьер өз Үкіметінің мүшелерін ер­тіп, кеше Сенатқа арнайы келген болатын. Өйткені Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның осы күнгі жалпы отырысында сенаторлар алдына өте маңызд…

0
0
574

Бейнелеуге бейімі бар балалар басқа салаға неге кетеді?

09.11.12.Еліміздегі сурет өнері әлемдік деңгейдегі кәсіби емес, жай ғана әуесқойлық бағытта дамуы мүмкін. Қоғамның және меморгандар тарапынан жанашырлық көзқарас пен қолдаудың жоқтығынан қылқаламмен күнкөру дегеннің өзі қиямет-қайымға айналып бара жатыр. Бұған соңғы жылдары кәсіби суретшілер дайындайтын жоғары оқу орнына түсетін жастардың арасында ер балалардың жылдан-жылға азая түскендігі дәлел. Отбасының асыраушысы саналатын азаматтар бойында табиғи таланты болса да қылқаламның құпиясын үйрететін оқу орындарынан сырттап жүреді. Өйткені бүгінгі қоғамда мұндай кәсіппен отбасын асырай алмайтындықтан дарынын далада қалдырып, өзге салаға кетуге мәжбүр. Мұндай өзекті мәселені «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанынан құрылған «Мирас» мәдениет пен өнерді дамыту бойынша қоғамдық кең…

0
0
616

Қатерлі ісіктен қауіп көп

09.11.12.Сүт безінің рагы - онкологиялық сырқаттардың ішінде көп таралған түрі. Елімізде сүт безі рагының алдын алу мақсатында 5 жыл бұрын маммографиялық скрининг бағдарламасы енгізілген. Скринингтік тексеру еуропалық стандарттар бойынша жүргізілмек. Осыған байланысты Италияның жергілікті мамандарымен онкология және радиология саласының мамандары алдын алу скринингтік зерттеу біліктілігін арттыру үшін шеберлік дәрістерін өткізуде. Соңғы он жылда, елімізде онко­логия­лық сырқаттар ішінде сүт безі рагы бірінші орынға шықты. Жүз мың адамның 20-дан астамынан осы сырқат белгісі табылған. Жалпы, скрининг дегеніміз - адам бойындағы сырқаттың бар-жоғын ертерек анықтау мақсатында алдын ала тексеру. Президентіміздің тапсырмасына орай қа­былданған «Қазақстан Республикасында 2011-2016 жылдарға арналғ…

0
0
805

Ұлттық құрама оңбай ұтылды

09.11.12.Ресейдің ашық біріншілігі саналатын Құрлықтық хоккей лигасында аздаған үзіліс орын алды. Осыған орай, Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубы арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл бәсекеде елордалық ұжым 5:0 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен «Барыстың» сапында ұлттық құраманың беткеұстар ойыншылары бар екенін ұмытпайық. Осы ретте «Барыс» командасы мен Қазақстан құрамасы жайлы әңгіме тиегін ағытып, алдағы уақыт еншісіндегі жоспарлар мен мүмкіндіктерімізді саралап көрсек. Жаңа басшылықтан жаңалық күтемізҚХЛ-дағы додаға биыл да қатысып жатқан хоккейден ұлттық құрамамыз­дың базалық клубы болып табылатын «Ба­рыс» жаңа маусым шымылдығы түсіріл­ген сәтте қарсыластарына жиі ұпай та­ратып, жанкүйерлерін біраз әбігерге салды. Сәл кейінірек елордалық ұжым бабын тауып, олқылықтың орнын тол­тыра б…

0
0
847

Сара сөздің сардары

09.11.12.Көркем әдебиеттің бүкіл адамзат баласы мойындаған ұлы миссиясы бар. Ол - адам баласының адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, өмір сенгіштік қасиеттер мен мінсіз мінездерге тәрбиелеу. Алаш арыстарының бірі са­нала­тын, ұлы жазушылар биігіне көте­рілген классик-жазушымыз Со­циа­листік Еңбек Ері Ғабит Мах­мұтұлы Мүсіреповтің шы­ғар­малары сондай аласармас биіктерге кө­терілген. Ғабең бұл биікке алғаш жарық көрген «Ту­лаған толқында» хикаятымен және «Қос шалқар», «Алғашқы адымдар», «Шұғыла», «Талпақ танау», тағы басқа әңгі­мелеріндегі тосын да қуатты сөз өрнегімен көтеріліп, оқырманды да, әдебиетшілерді де елең еткізген-ді. Ғабең сол шыққан биіктерінен төмендеп, аласарып көрген емес, керісінше Ғабең ұрпаққа «Әдебиет ұлы болмай, халық ұлы болмайды» деген ұлы өсиет сөзін қалдырды…

0
0
807

Елбасы сыйлаған қазақы тұмар Обамаға жеңіс әперді

08.11.12.АҚШ-та өткен Президент сайлауында Барак Обама топ жарды. Алдын ала есептеулер Демократиялық партиядан түскен кандидаттың жеңісіне сенім білдіруде. 6 қараша күні өткен сайлауда АҚШ-тың қазіргі лидері сайлаушылардың 294 дауысын алған. Ал жеңіс үшін оған 270 адамның дауыс беруі жеткілікті болатын. Республикалық партиядан түскен кандидат Митт Ромни жеңілгенін мойындады. Көріпкелдердің осы сайлауға қатысты айтқан болжамдары айдай келді. Осы жерде Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ақ үйдің қожайыны Обаманың ағымдағы жылдың наурыз айында ядролық қауіпсіздік бойынша Сеулде өткен жаһандық саммит кезіндегі кездесуі еріксіз еске түседі. Екіжақты кездесуден соң Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обамаға алдағы сайлауда қақырата жеңіп шығу үшін қазақы тұмар сыйға тартқан. Елбасы шын көңілімен сыйлаға…

0
0
540

Жаңатастағы атыс

08.11.12. Бір жас жігіт өліп, біреуі мүгедек болып қалды. Неге? «Өлген - не үшін өлгенін білмейді, өлтірген - не үшін өлтіргенін білмейді». Бұл - заманақыр таянғанда қоғамда кең етек алатын көрініс екенін бейнелейтін ежелгі сөз. Осы сөз, осы көрініс бүгінде шындыққа айналғаны былай тұрсын, белең алып барады. Осыдан бір ай шамасы бұрын, дә­лірек айтсақ, қазан айының 10-ы күні сағат 13.30 уақытында Жамбыл об­лысы, Сарысу аудандық ішкі істер бө­ліміне Жаңатас қаласының 6-ша­ғын­ауданында орналасқан 13-үйдің аула­сында атылған бірнеше мылтық даусы шыққаны туралы хабар түскен. Ара­да он бес минуттай өткенде, Са­рысу аудан­дық орталық ауруханасына Жаңатас қаласының екі тұрғыны ауыр күйде жеткізіледі. Оның бірі: 1986 жылы туған Сыдықов Абзал Жеткергенұлы «сол жақ бүйірінен оқ тиген» деген анықта…

0
0
1369

Тағдырыңызға таза тамақ та әсер етеді

08.11.12.Алматыда Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бастамасымен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен халықаралық тренинг басталды. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстаннан денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, Ресейдің эпидемиолог, микробиолог ғалымдары, сондай-ақ АҚШ-тың жұқпалы ауруларға қарсы қызмет мамандары, Дания техникалық университетiнiң ғалымдары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жауапты қызметкерлері қатысуда. Жиында Қазақ тағамтану ака­демиясының басшысы, ака­демик Төрегелді Шарманұлы елімізде тағам инфекцияларын болдырмау барысында Үкімет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, денсаулық сақтау саласы мамандарының біршама жұ­мыстар жүргізіп оты…

0
0
802

Көңіл күйіңіз қалай?

08.11.12.Бәріміздің де Алладан тілейтініміз - темірдей денсаулық, әрине. Бар мүшеміз сау болып, ешқандай сырқатқа шалдықпасақ екен, ауру дегенді атымен білмесек екен дейміз. Алайда сол үшін адам қарап отырмай, өзінің сүйікті ісімен айналысып, денесін шынықтыруы керек. Денсаулықтың кепілі - спорт деп білсек, адамның мінезі мен сан рет құбылған көңіл күйі де адамзат денсаулығына әсер етеді екен. Ғалымдардың зерттеуі бойын­ша жаман, көңілге кірбің түсіретін ойлар - мидың оң жақ жарты шарының маңдайалды бөлігін белсенді жұмыс істет­кізеді, ал көңілге жағатын жақсы ойлар - сол жақ жарты шары маң­дайалды бө­лігінің белсен­ділігін арттырады. Ақыры ағза­дағы бұл реакциялар адам­ның иммундық жүйесіне әсер етеді. Адам бойындағы реніш, ашу қандайда бір ауру тудыруы мүм­кін. Ренжулі адам өзін кім рен…

0
0
1194

Алаяқтығымен аты шықты

08.11.12.Виктор Храпунов. Бүгінде бұл есім өзіне атақ-абырой берген, төрін берген және биік лауазымды сеніп тапсырған елі үшін абыройсыздықтың синониміне айналды. Ол осы жолды таңдап алды. Қазір В. Храпуновқа және оның әйеліне қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Қазақстандық тергеу орындарының деректері бойынша 2003-2006 жылдар арасында Швейцариядағы есепшотына және оффшорлық аймақтарына 48 млн АҚШ доллары мен 7,7 млн еуро аударған. Заңсыз жолмен тапқан қаржы олигархтың кім болғанын айдай әлемге әшкерелеп берді. Алматы қаласындағы және Шығыс Қазақстан облысындағы заңсыз бизнесі мен зәулім са­райларының сыры ашылатынын сезген бойда алдын ала да­йындалған әуе кемесіне дүние-мүлкін тиеп, бала-шағасы, отбасымен бірге бас сауғалап қашып кетті. Алматы қаласының экс-әкімі қазақстандық Фе­мидадан қ…

0
0
665