Алла ПЛАТОНОВА: Қазақ тілін үйренуді қашанғы кейінге шегереміз?
- Алла, өзіңді Арқалықта жұмыс істеп жүрген кезіңнен білетінмін. Жақында Қостанайдағы тіл мәселесіне қатысты үлкен басқосуда жатық та сауатты баяндамаңды тыңдап, өте тәнті болғанымды жасырмаймын. Сенің осы мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістігің барша жастарға өнеге. Ең алдымен қай жерде туып-өскеніңді айтып өтсең? - Мен қаймағы бұзылмаған, қазақтың бүкіл салт-дәстүрі берік сақталған Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылында туып-өстім. Ол жер - мен үшін жер жәннаты. Маған одан артық елді мекен жоқ секілді көрінеді. Тасты аудан орталығынан 75 шақырымдай жерде. Осы ауылда 508 адам тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі - қазақ. Бәрі де менің бауырларым болып кеткен. Өйткені ондағыларға мақсат та, мүдде де ортақ. Тіршіліктегі барлық қуаныш пен қайғыны бірге бөліседі. Осы ауылға әкем Сергей…