Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Қазақстан мен Түркия президенттерінің стратегиялық ынтымақтастық кездесуі

Қазіргі күрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығуына алаңдаушылық білдіретіндерін жеткізді.

Қазақстан мен Түркия президенттері барлық жанжал мен қақтығыс дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешілуі қажет деп есептейді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағы жанжалды реттеу ісіндегі айрықша рөлін атап өтті.

– Бұл – Сіздің беделіңіз бен ықпалыңыздың айқын дәлелі. Қос елдің Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қажеттілігі жөніндегі ұстанымы – ортақ. Қазақстан әрбір елдің аумақтық тұтастығы сақталуы керек деген ұстанымды қорғайды. Қазақстан мен Түркия халықаралық аренадағы тиімді ықпалдастығын жалғастыра береді. Қазақстан дипломатиясы Түркі мемлекеттері Ұйымының одан әрі дамуына баса мән бермекші. Осы бағытта Түркия тарапымен бірлесіп жұмыс істей береміз. Жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіреміз. Осы тұста Қазақстанның халықаралық бастамаларына көрсетіп жатқан қолдауына, соның ішінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті дамытудағы Түркияның үлесіне ерекше ризашылық білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Түркия Президенті бүгінгі келіссөздердің нәтижелі болғанын атап өтті.

– Қазақстан – аймақтағы экономикасы ең ірі ел және біздің негізгі серіктесіміз. Бүгін біз қорғаныс пен энергетикадан бастап, көлік, ғылым мен технологияға дейінгі кең ауқымды салалар бойынша пікір алмастық. Біз тау-кен, сирек кездесетін металдар бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырдық. Қазақстан мұнайын Түркия арқылы әлемдік нарыққа экспорттау мүмкіндіктерін талқыладық. Тарихи Жібек жолының қазіргі баламасы – Транскаспий көлік бағдарын пайдалану және дамыту жолдарын қарастырдық, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Түркия Президенті туризм саласындағы ынтымақтастық перспективасына тоқталып, түрік азаматтарына Қазақстанда 90 күн визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөздердің табысты өткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, Түркия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
424

Қасиетті Құрбан айт: Бірлік пен ізгіліктің мерекесі

Ардақты ағайын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.

Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.

Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.

Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын!

Әр шаңыраққа құт-береке қонсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

t.me/aqorda_resmi

0
0
461

CRL-Технологиялық жобалардың корпоративтік дайындық деңгейлерін есептеу

CRL (Corporate Readiness Level) әдістемесі Технологиялық жобалардың корпоративтік дайындық деңгейлерін бағалау және жіктеу жүйесі болып табылады. Бұл әдіс жобаның корпоративтік интеграция мен коммерцияландыруға дайындық дәрежесін анықтау мақсатында жасалған.

CRL деңгейлері 1-ден 7-ге дейін өзгереді, бұл жоба мен корпоративтік құрылымның әртүрлі даму кезеңдерін көрсетеді. Корпоративтік дайындық деңгейін анықтау мақсатында келесі бағалау әдістемесі қолданылады:

CRL деңгейлері және олардың сипаттамасы:

Жобалық топ жоқ (бекітілген рөлдер жоқ, негізгі құзыреттер жоқ (технология және бизнесті дамыту);

Жоба тобы құрылды, бірақ негізгі құзыреттердің толық жиынтығы жоқ (мысалы, бизнес құзыреті жоқ), сыртқы қолдау жоқ (тәлімгерлер, сарапшылар);

Команда құрылды, бірақ негізгі құзыреттердің толық жиынтығы жоқ (мысалы, іскерлік құзыреттілік жоқ), сыртқы қолдау бар (тәлімгерлер, сарапшылар) ;

Команда құрылды, негізгі құзыреттердің толық жиынтығы бар (технологиялық және іскерлік сараптама / коммерцияландыру), сыртқы қолдау бар (тәлімгерлер, сарапшылар) ;

Болашақ корпоративтік құрылымның негізгі элементтері пайда болды - жекелеген бағыттарды іске асыруға жауапты бөлімдер: сату, қаржы, өндіріс (өндірістік компаниялар үшін);

Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаты іске асырылды: басқару функциялары жалдау бойынша жұмыс істейтін кәсіби менеджерлердің (менеджерлердің) қолында шоғырланған;

Компанияда корпоративтік басқарудың толық жүйесі қалыптасты: корпоративтік стратегияны Директорлар кеңесі бекітеді, ол үнемі жиналады және тәуелсіз мүшелері бар, менеджерлер акционерлер алдында есеп береді, аудит жөніндегі комитет бар.

Корпоративтік дайындық деңгейіндегі кедергілер мен тәуекелдерді бағалау кәсіпкерлер мен басшыларға жобаны дамытудың әр кезеңінде негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Корпоративтік басқарудың негізгі принциптерін енгізу ұйымның корпоративтік құрылымының тұрақтылығы мен тиімділігін сақтауға көмектеседі.

Қазіргі бизнес - ортада корпоративтік дайындықтың өсіп келе жатқан маңыздылығын ескере отырып, CRL әдістемесі өз технологияларын корпоративтік шындыққа сәтті енгізуге ұмтылатын инноваторлар үшін құнды құралдарды ұсынады.

0
0
555

Қазақ футболы

Бүгін мен сіздерге Қазақстандағы футбол жайлы айтатын боламын. 

Қазақ футболы неге дамымай жатыр? Ауылдардағы талантты қарадомалақтар Ұлттық құрамаға неге алынбайды? Балаларды жастайынан футболға баулу үшін не істемек керек? 

Спорт комментаторлары қалай дайындалады?

Осы сұрақтарға жауап беретін боламын. 

Футбол Қазақстанда ең әйгілі спорт түрі болып саналады. Қазақстан футбол 1992 жылы құрылып, 1994 жылы FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2000-нші жылдар Азиялық конфендерацияға кірген, ал 2002 жылы UEFA құрамына өтті. Содан бері футбол аттақты спорт түрі бола бастады.  Негізі біздің футбол  легионерлерге көп сенеді жәнеде оларға миллион миллиардталған ақшалар төлейді ең бірінші себеб осы деп ойлаймын. Екеінші себеб ол өзіміздің жастарға сенбеу оларға жүзмің тенге ақша бергенше басқа мемлекетке скаут( ол футболшыларды қарап,бақылайтын адам) жіберіп футболшы алу. Менің ойымша ол скауттарды аулалардағы балаларды қарауға, аулдағы Қазақтың қара домалақ балаларын тегін алып келіп дайындамасқа. Үшінші себеб ол 18-20 жасқа толған балалар орташа футбол құрамасында ойнап жүрсе, атақты,танымал құрамаларға алмайды. Өйткені оларды жасы келді деп қарамайда қояды. Ал басқа мемлекеттерде 17-20 жастағы жасөспірімдерге мүмкіндік береді. Осы себептерден бізде дамымай жатыр деп ойлаймын. 

Қазақстаның ұлтық құрамасында 21 басқа ұлт өклдері бар. Қазақстан құрамасында 45 ойыншы бар оның тең жартысы басқа ұлт өкілдері. Олардың әрқайсысының жалақысы 5 миллион тенгеден басталады. Орташа есеппен алғанда жайғана басқа ұлт өкілдеріне 300 миллион тенге жалақыларына кетіп отыр. Бұл Қазақстан құрамасының статистикасы. Ал Астана және Қайрат құрама командасы жайлы айта кетсем. Алдымен Қайраттың құрамасында 10 легионер,олардың жалақысы 8 миллион тенгеден басталады. Астанада 11 легионер ойнайды,олардың жалақысы 10 миллион тенгеден басталады. Астананы “Самұрық-Қазына” қаржыландырады ал Қайраттың қаржылық мәселесін Қайрат Боранбаев өз қолына алған. Қайратта жастарға көп көңіл бөленгенімен қаржылай ешқандай көмек көрсетілмейді. Қортындыға айтарым біз басқа ұлт өкілдерін алып оларға ақша төлегенше өзіміздің жас буындарымзға мүмкіндік берейік дегем келеді.

1
0
1295

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Осы орайда Алматы облысы бойынша V-ші толқын барысында Талдықорған қаласына 7- әлеуметтік санатқа жататын 4 278 адамның тізімі жасалып, қордан 50 мың теңге қаражат аударылды. Бұл қаражат тек облыс орталығы Талдықорған қаласына ғана бөлініп отырғанын хабарлаймыз.

0
0
622

2015 жылғы жұлдызды BABY BOOM!

2015 жылы отау құрып, үйленгендердің де, балалы-шағалы болған жұлдызды отбасының да саны артқан сыңайлы. Қой жылы дүниеге біраз бүлдіршіндер келген сияқты. Ендеше, назарларыңызға 10 отандық STAR-дың кімді дүниеге алып келгенін көрелік!

1. Әнші Айдана Меденова & продюсер Әлішер Нұржанов

Айдана Меденованың тойы өткен жылдың 22 наурызында болған еді. Ал қыс мезгілінде әнші Әмина есімді қызды дүниге алып келгенін айтты. Алайда, көз тимесін деді ма екен, аяғы ауыр болғаны туралы ешкімге тыс жармаған.

 

2. Актриса, әнші Әсем Жакетаева

Екі жас некелерін махаббат қаласы Парижде қидырған болатын. Кейіннен дүниеге қыз баланы алып келгендігін Instagram әлеуметтік парақшасында жариялаған еді.

3. Әнші Динара Сұлтан


Динара Сұлтан ұлды болды! 3 қыздың анасы дүниеге торсықтай баланы алып келді! Еліміздің ереулі азаматы болып өссін!

4. Әнші Динара Қырықбаева

Динара Қырықбаева дүниеге сүп-cүйкімді қызды алып келген екен! Instagram парақшасында халықпен бөліскен суреттері осыған дәлел! Аллам тіл көзден сақтасын!


5. Әнші Нұржан Керменбаев НЕМЕСЕ "Капкарашка" :D

Шаңырақ шаттығына бөленген отбасы ұлдарын Мүслім деп атаған еді.


6. Дизайнер Асем Нүрсеитова

Асем Нүрсеитова екінші қызын дүниеге алып келді! Тәп-тәтті, нәзік сәбиді бауырына басып, еміреніп жүрген сәті қайта басталды. Өз басыма Асемнің отбасы үлгі боларлықтай. Жарайсыңдар!

7. Әнші Сәкен Майғазиев

Әншінің отбасына шыр етіп қыз бала дүние есігін ашқан екен. Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтың бір ұл, бір қызы бар. Үлкен ұлы Әділет 17 жаста, Райана есімді ерке қызы екі жарым жаста.

8. Беркут пен Аиша

2010 жылы үйленген Бүркіт пен Аишаның отбасында екінші ұл дүниеге келді. Нәрестенің салмағы 4,5 кг болып туылған. Ал, тұңғыш ұлдары Зейін 3 жаста.

9. «Қазақстан аруы-2013» Аида Исаева

Өткен жылы отау құрған Аида Исаева бүгінде баласын бауырына алып, ана атанып отыр.

10. Ғалия & Ален

Ал оныншы орынға орналасқан, 2016 жылы нәрестесін дүниеге алып келген қос әнші Галия мен Ален. Екі жұптың қуанышы қазақ елінің барша шаңырақтарына жұғысты болсын деп тілеймін! :)))


 

2
0
3099

Али Окапов — Жаным сәлем cөзі

Али Окапов - Жаным сәлем әнінің сөзі

Сұлу деген кім десе, ойланбастан сен дер едім

Мінсіз шыққан әуенге тек өзіңді теңер едім

Таныстырды тағдыр сені, мені

Нәзік гүлдейсің ең әдемі

Сен екенсің іздеп жүргенім, тілеп жүргенім менің

***

Қайырмасы:

Жаным сәлем,

Өзіңді қайта көрсем деп ем,

Жаным сәлем,

Жүзіңнен жан жылуын сезем

Жаным сәлем,

Сенімен жайнайды бұл әлем

***

Таңданамын, тамсанамын,

Қалайша сөз табамын, сай келер бір саған

Жүрегім аңсаған

Қалауын тапты деп бәріне жар саламын

Таныстырды тағдыр сені, мені

Нәзік гүлдейсің ең әдемі

Сен екенсің іздеп жүргенім, тілеп жүргенім менің

***

Қайырмасы:

Жаным сәлем,

Өзіңді қайта көрсем деп ем,

Жаным сәлем,

Жүзіңнен жан жылуын сезем

Жаным сәлем,

Сенімен жайнайды бұл әлем

***

Жаным сәлем,

Өзіңді қайта көрсем деп ем

Жүзіңнен жан жылуын сезем

Жаным сәлем,

Сенімен жайнайды бұл әлем

Жаным сәлем!

 

 

1
0
2928

Ереже туралы аңыз (Legend about Law)

Туған жердің тастарын мазасыздық басты.

Ол шешімін таба алмады.

Екінші ол: Келісім шартты бүгін жасаймыз ба?

Үшінші ол: Сен мынаны түсіндірші, бір қызыл алма бар, сондай тәтті делік, адам өзінде жоқ сол алмаға қол жеткізу үшін бай болғысы келеді, бизнес ашады, сол үшін ұмтылады, өмірбойы тер төгеді. Ал сенде бәрі бар, өміріңе жетердей, енді не керек  саған?

Ол басын көтеріп, екеуіне қарап жымип қойды.

Ол: Сол «бәрі» менікі емес сияқты.

Ритц Карлтон зеріктіріп жіберді, көңілсіз күйін көтеріп сыртқа шықты. Қараңғы түсіп кеткен. Терең бір дем алайын деп шалқайып еді, жүзіне ай төгілді. Жаңа туған ай әлсіреп, төбесіне құлап түсердей зорға ілулі тұр. Оны бір шу мазалады. «Ай көрдім, аман көрдім. Ат басындай алтын көрдім, қой басындай күміс көрдім. Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке.» Кімдердің дауысы түсіне алмады, ес білмес шақта естігендері ма, бас айналдырардай жаңғырады. Алақанын жайып дәл осы түсініксіз сөздерді қайталағысы келді, бірақ бұл нағыз сандырақтай көрінді. Машинасына қарай бет алды. Қалтасындағы төртбұрышты дірілдеп хабар берді. Ставангерлік досы Лойд Хиллден келген шимай.

«Батыс жарты шарының тұрғындары (Солтүстік және Оңтүстік Америка)15 сәуір түні «қанды ай» (қызыл ай) деп аталатын сирек астрономиялық құбылысты бақылады. Бұл жолы айдың алғашқы тұтылуы 78 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында аспанда жер ғаламшарының тек әлсіз сұлбасы ғана көрінді.»  Норвегиядағы студент күндерінде Лойд екеуі табиғат туралы өте көп ақпараттар жинайтын еді. Кейбір заңдылықтар үшін екеуі қатты керісіп қалған кездері де болған. Бірақ ол әлі көңілсіз жердегі туған сұрақтан шыға алмай отыр. Аяғының астына қарап тұрды, әріптер тізіліп бара жатты. «Менің табаным тиіп тұр, демек бұл жер менікі, мен дем алып тұрмын, демек бұл ауа да менікі, мен сөйлеп тұрмын, сөздер менікі, күлсем күлкі де менікі, тепсем аяқ менікі, жыртылса бәтіңке де менікі, осыларды ойлап тұрған ой да менікі. Қалғаны бос.»  Төбесінде қақшиған айдан ойын жасырғысы келді ме әлде ерекше тартымды біткен жүзін қызғандыма,  көлігіне асықты. Лойдқа жауап жіберу туралы мина жетпеді.

Дөңгелектер жол бойынан көтеріліп ұшып келе жатқандай. Ол артына түскен ай сәулесінен қашуға ұмтылған көлеңкесімен жарысып келеді. Кешкі қала тыныштала бастаған еді, бірақ оның мазасызданған кеудесі бүкіл қаланың ұйқысын қашырып барады. Енді ол көлік жылдамдығына өзі ие бола алар емес, ережелер мен түрлі- түсті шамдар, қауіптер мен қорқыныштар жол жигенде домаланып қалды. Жер үстінде рахаттана ұшып келеді.  Бұл жылдамдықтың мәнісін өзі де түсіне алар емес. Бірақ миында оқиға болып жатты. Ол еркінен айырылды, енді тек астындағы темір- терсекке сеніп отыра берді. Құлағының түбінде тағы шулар мазалай бастады. Ол рөлге ие бола алмай бара жатқанын байқады, көз алды бұлыңғырланып кетті. Кенет ұзын- сонар жол аяқталды да қалды.  Оған күтпеген жерден бұрылу керек болды.  Оны қоршаған барлық күш селк ете қалды. Әдемі қызды көрді. Ол сұлу жаратылысқа ғашық боп үлгіргенше оны жоғалтып жіберді. Қыз оның көлігінің екпінімен жерге құлап түсті. Оның іші енді тынышталды да құлазу басып кетті. Құлағындағы шу да кеудесіндегі соғыста ғайып боп кетті, енді бәріне өзі жалғыз кінәлі болды да қалды. Көліктен дірілдеп сыртқа шықты. Дала қараңғылықта қалқып жатыр, тып -тыныш, бәрі бақытты, айналасы тап -таза. Ол бетін алақанымен қайта- қайта сыйпалайды да, өзін оятқандай боп жерге тағы қарайды. Бірақ расымен де ешкімді көрген жоқ, жаңағы сұлу жаратылыс жоқ. Айналасына алақ- жұлақ етіп, көшенің жиегін тінтіп шықты, жоқ, жерәлем баяғы күйінде, бір із жоқ. Ол сандырақтағанын сезіп, терең дем алды да,  төбесіне қарады. Жаңа туған әлсіз ай қызарып кеткен еді. Егер ереже бұзсаң, пайда болатын оқиға туралы аңыз миын әлдеқашан бекітіп тастағанын ол енді түсінді. Өз миының өзіне жасап қойған тағдырынан шықты да айға қарап алақанын жайды.

«Ай көрдім, аман көрдім. Ат басындай алтын көрдім, қой басындай күміс көрдім. Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке.»

2
2
1819

15 сәуір Әулие Валентинді Қозы Көрпешке ауыстырамыз ба...

15 сәуір күні жақындауда. Біраз уақыт бұрын  ынталы топ осы күнді Қазақстан Республикасының махаббат күні деп атауды ұсынды. Біздің "Әулие Валентин күніне" жауабымыз - "Ұлттық ғашықтар күні" мерекесі.

Бізге қызыл гүлдер маңындағы әулие қарттың бейнесі және ғашықтардың жағдайында "шіріген Батыстың" үлгісінде кештер өткізу ұнамайды.

Сондықтан осы іс-шараны өзіміздің салт-дәстүрлеріміз бен адамгершілігімізге сай өзгертуді жөн көрдік - адамдар арасындағы ғашықтықты әзір ешкім жойған жоқ. Қол ұстасып, махаббат сезімін білдіру, тіптен сүюді барлық адамдар әрдайым қалайды – махаббатқа барлық жастағылар да, уақыттар да тәуелді дегендей.

Махаббаттың символын көп іздеген жоқпыз. Қазақ фольклорында махаббат тақырыбында кейіпкер жеткілікті. Ләйлә мен Мәжнүн таза қазақ фольклорына жатпайды, сондықтан өзіміздің ғашықтар туралы повесіндегі кейіпкерлерге тоқтадық. Олар Қозы - Көрпеш пен Баян - Сұлу.

«Әулие Валентин» күні қалай тарихқа кететінін білмейміз, бірақ қазақтардың "ғашықтар күні" бірте бірте күш алып келеді. Бұл күн Алматыда әуе шырақтарын ұшырса, Астананың орталығында тіптен ескерткіш қойылды. Ескерткіштің қолайсыз жерлері де бар. Сонда да болса бәріде дұрыс сияқты. Бірақ, ойланайықшы,  түсінейікші - біз нені атап өтпекшіміз, нені тойламақпыз...

Біріншіден "Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу" эпосымен терең танысайық. Қазақ тілінде (тұпнұсқаның тілі шығарманың мазмұнын толық қамтып көрсетеді) Машхұр Жүсіптің осы эпосты жазған нұсқасы түсінікті етіліп жазылған.

Шынын айту керек - "Қыз-Жібек" эпосынан кейін "Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу" көптеген бір-біріне қайшы ойлар туды. "Қыз-Жібекте" мағынасы терең, кейіпкерлердің ашықтығы, бүтіндігі таң қалдырды. Жалпы айтқанда Жібек туралы аңызға Қозы-Көрпеш жете алмайды. Ең бастысы оқырманды таң қалдыратыны Қозы-Көрпештегі кейіпкерлердің "қисын" мінездері, бас кейіпкерлерінің іс-әрекеттері.

Бұл ескертуімен сыңды дәлелдеу үшін мынаған көз жеткізейік...

Екі ауқатты және сыйлы адамдар - Сарыбай мен Қарабай - өзара келісіп, құда болайық деп шешеді, яғни бір ұлын, бір қызын атастырады. Сол кездегі дәстүр бойынша Қозы-Көрпешті әкесі Қарабай қыздың әкесі Сарыбайға қалын мал төлеуді, яғни аманатын жасайды.

Бір кездері аяқ астынан Қарабай өліп, Сарыбай айтқан антынан тайып, қызын жетім қалған Қозыға бермеудің амалын жасайды, сөйтіп ауылын, малымен қоса Қарабайдын ауылынан асып көшеді. Жаңа қонысқа келіп, Сарыбай қызын "жергілікті" Қодар деген жігітке беретін болып келіседі. Қодардын қалың малы беретіні жоқ болғандықтан Сарыбай қалың малдың есебінен мал бағып құтылатын болады.

Кәмілетке жеткен Қозы-Көрпеш өзінің атастырған қызы бар екенін ести сала, қарт шешесін тастап басқа елге кетеді. Сарыбайдын ауылын тауып келген Қозы-Көрпеш Баян-Сұлуды алып қашу жоспарын құра бастайды. Баян  бұл кезде нағыз сұлу ару болып кеткен, оны ауылда Баян-Сұлу дейді. Жоспары іске асыру үшін  Қозы-Көрпеш Сарыбайға мал бағатын жалшы болып кіреді. Біраз уақыт Қозы-Көрпешпен Баян кездесіп жүреді, тіпті кейде Баян малшы Қозының қасына келіп тұратын болады. Алайда бұл бүкіл елге жетіп, жанжал шықты. Сарыбайдың ашуынан қорыққан екі жас қашады. "Өзінің меншігін" айырылып қалған Қодар қашқындарды қуып жетіп, айқаста Қозы-Көрпешті өлтіреді. Сүйіктісінен айырылған Баян-Сұлу Қодарды алдап кездесуге шақырып өлтіреді.

Міне қысқаша тарих осындай.

Енді түсінейікші, неге біз Әулие Валентинді Қозы-Көрпешке айырбастаймыз.

Мақсат түсінікті - жас ғашықтардың жағдайын біздің салт-дәстүрлеріміздің  ар-намысымызбен сәйкестендіру. Әрине, католик Әулие Валентин біздің құндылықтарымызбен  сыйыспайды. Оның өлген күнімен Ежелгі Римнің Луперкалий мерекесінің сәйкес келуі бұл мерекедегі жын-ойнақтарды растамайды. Еске салайық, 14 ақпан күні әйелдерді әр-түрлі әдістермен бала көтеруге мәжбүрлеген. Біздің ойымызша, бұл әдістердің басым көпшілігі сол жердің мораліна сыйыспайды.

Бүгінде ол жын-ойнақты ешкім жасамаса да, незігі тақырып түсінікті - "Тойла халық, бүгін бәріде рұқсат".

Ал Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу, менің оқыған үлгісінде, мен үшін жастарға үлгі болудан алыс сияқты. Олар бұл түрінде біздің ар-намысымызға сәйкес келмейді.

Ар-намыс, мораль - қоғамда жақсымен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы қоғамда қалыптасқан ұғым және осы ұғымнан шығатын қорытынды.

Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу некелері қиылмай тұрып малшының киіз үйінде кездесіп жүрді. Әрине, қазақтарда үйлену тойына дейін жастарды кездестіретін кездесулер болған,  бірақ ол үшін екі жас әке-шешелерінің аманат кәдесін, яғни қалың мал төлеп, барлық міндеттерін орындалу қажет. Онда жастардың кездесулері қатаң жеңгелерінің бақылауымен өтетін. Ешбір еркіндікке жол берілмейтін. Ал малшының киіз үйінде екі ғашық немен айналасқаны бір Аллаға мәлім.

Баян неге әкесінің шешіміне қарсы шықты? Түсінікті, әкесі Сарыбай алғашқы антын бұзды, оныкі дұрыс емес - бірақ ол оның мәселесі, оған өзі жауап береді.

Сол кездің тәртібі мен дәстүріне келсек, Баян Қодарға тұрмысқа шығу керек. Болмаса әкесіне Қодарға күйеуге тимеудің себебін түсіндіру керек.

Бүгінде бізге сол кездегі әйелдің ешбір құқығы түгі, дауысы жоқ болған сияқты. Олай емес, мысалы саяхатшы Семенов-Тяньшанский қазақтың албан мен дулаттың рулары арасындағы дауды қараған билердің сотына қатысқанын жазған. Билер сол кезде дұрыс шешім қабылдаған. Қыз сүймейтін адамына тұрмысқа шығудан бас тартқан және өзінің шешімін дәлелдей алған. Қыздың ата-анасы қалын малды екі есе қылып қайтарған - бұл шешім сол кездегі тәртіпке сәйкес болған.

Ал Баянның Қодарды арам өлтіруі сұлу бикештің нәзік және сүйкімді бейнесіне тіптен сыйыспайды.

Мұнда осы эпосты оқығаннан кейін ғашықтардың тарихы мен біздің дәстүрлеріміз арасында сәйкессіздік көп сияқты. Ал бұл эпос ғасырлар бойы тек қана қазақтар емес, башқұрт, татар, тіптен алтайлықтардың  ойын дүрліктіріп жүр.

Бұл хиқаяның ақиқатына жету үмітін тастамай, хиқаяның баяндауында басқа да нұсқаларын іздей бастадым.

Ақырында, мен сол нұсқаларының бірінде желеуін таптым.

Жоғарыда айтылған эпоста Тайлақ би байды дәстүрлерді сақтауға, міндетін, марқұмға берген антын орындауға шақырды. Бұл жолдарда барлық оқиғаларды дәстүрмен талапқа сәйкесендіруге болатын еді.

Сөйтіп, менің ойымша, ол былай болу керек еді:

Сарыбай өзінің уәдесін орындаудан бас тартқаннан кейін, ол жөнінде алдын ала ескертілгеннен кейін, Қозы-Көрпеш өзіне тиісілісін барлық жолмен алуға құқығы болды. Бұл жөнінде  қазақтарда "барымта" деген дәстүрлі іс-әрекет болған. Ол кейін, қазақтардың "алтын ғасыр" аяқталғаннан кейін, олардың "цивилизация" талаптарынан құтыла алмай бұл дәстүр тонаушылыққа айналды. Оған дейін "барымтаның" талабы - борышкерлердің өзінің тиісілін алу еді. Айта кететіні, сен өзіңнің ниеттеріңді алдын ала хабарлайсын.

Мүмкін Сарыбайға қызын келіп алып кететінін алдын - ала хабарлаған шығар, болмаса алған қалың малын екі есе қылып қайтару керек. Ондай жауап келмеген соң Қозы - Көрпеш қызды үгіттеп, алып қашу, болмаса "Кавказ тұтқыны" киносындағыдай, басына қап кигізіп туған ауылына әкелу қалды. Ағайын туысының батасын алып, той жасап, өзінің күйеулік міндетіне кірісу.

Мүмкін біздің оңтүстік аймақтарда "қыз алып қашу" ойыны кең тарағаны сол кезден бері келетін шығар. Бірақ біз бүгінде ұмытып кететін жәйт, қызды үйге әкелер алдында, қалындықтың келісімін алу, елдің алдын ала келісімін, батасын алу керек екендігі. Бүгінде біздің "ғашық жігіттер" бәрін тегін, ешбір қоғам, адам алдында міндеттерін орындамай-ақ алғысы келеді.

Сонымен, Қозы-Көрпеш билер сотының шешімімен өзіне тиісіліні алуға мүмкіндігі болды. Баянды қашуға келістіріп, іске асырған кезде, оның жоспарын Қодар бұзды. Оның ойынша Баянға үйленуге құқы бар, өйткені таза еңбегімен қыздың әкесі Сарыбаймен есептесті. Дау Қозы-Көрпештің өлімімен аяқталды. Дауда жеңген Қодар айлакер сұлудың қолынан өледі. Менің ойымша әйелге ерлер арасындағы дауға араласпау керек еді. Міне осындай жағдаймен эпос тарихқа кірді. Бірақ біздің түсінігімізде бұл "махаббат иіріміне" ұшырған "ғашықтар әні" емес еді. Бұл жағдайда оны сол заманның салт-дәстүрін сақтаумен, оның міндеттерін орындау жауапкершілігі деп білу қажет. Ата - аналар балаларының ер жеткенде түрлі қақтығыс, келеңсіз оқиғаларға  ұшырамай, заңды түрде өзінің ерлі - зайыптылық міндеттерін орындап жүруге жеткізу және олар жанұялық, әлеуметтік міндеттерін орындауды ұмытпау керек екендігін үнемі ескеріп салуға міндетті.

Бұл міндеттердің дәлелі қалың мал төлеу. Мұны құл не болмаса зат сатып алу деген ұғым дұрыс емес. Жастардың міндеті осы дәстүрлерді сақтап, оларды толық орындағаннан кейін ғана "оңаша болу" құқын іске асыру.  Сондықтан барлық Қазақстандықтардан сұрайтыным, 15 сәуір мерекесін атап өту алдында біз бұл мерекеден нені күтеміз?

Егер бізге тек қана ғашықтардың романтикасы, яғни "қыздың басын айналдыру" деген ұғым болса, онда ешнәрсені өзгерту қажет емес. Бұл жағдайда 14 ақпанда да 15 сәуірде де жастарға тек қана махаббат керек, қалада бұл күн көбірек "жеңіс" тойын тойлау болады. Ал осы күнгі әрекеттерін үшін ол заңды ма заңсыз ба онда шаруа жоқ.  Жасадым – ұмыттым!

Бұл жағдайда Әулие Валентинге Қозы-Көрпештің шапанын кигізіп, оны басқа атпен тау- мысалы "Бәлентин аулие". Суреттерді, яғни кішкентай жүректерді ұлттық оюлармен әшекелесе - тамаша көрінеді. Оған дәлел - біздің "Аяз ата" мен "Ақшақар" әшекелеуіміз.

Қосындыларды  орын ауыстырғанмен қорытынды  өзгермейді (Пифагор теоремасы)...

Ал егер бізге ұлттық мерекесі керек болса - ғашықтар тақырыбын ұмытайық. Онан да басқа құнды - Жанұя, Ана, Әйел - ошақ және дәстүрлі құндылықтарды сақтаушы деген ұғымдарға көшейік. Біз жастарды жеңілтек мінезді сұлуды таңдап, оның алдына бүкіл дүние жүзін тізесіне отырғызып, тіптен соңғы шалбарын беру емес. Жігіттеріміз түрімен де, жүрегімен де, тәнімен де,  заң мен жанұя алдында жауапты екенін және осы жауапкершілікті көтеретін сұлуды  тандау керектігін ұғыну керек.

Бұл жерде мінезі қайшы келетін Баян - Сұлудан басқа көптеген ғашықтар мерекесінің символдарын кездестіреміз.

автор: Ерлан Мусаев

-4
0
4488

Сыйлыққа гүл таңдау бойынша 10 кеңес

Жігіт: Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.

Қыз: - О, арам-ай! Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой =)

Гүл - әр адам үшін ерекше сыйлық. Бірақ оны әдемілеп сыйлаудың жасырын тұстары аз емес. Сыйлықты есте қалатындай етіп табыстаудың қыр-сырын меңгеру мақсатында үш күндік гүлдер ордасы - «AstanaFloraEXPO-2016»  көрмесіне қатысып, мәселені жан-жақты қарастырған жайымыз бар. Елордада өтіп жатқан осы көрмені аралау арқылы көңілге түйген кеңестерді ұсынамыз. Бұл кеңестер келе жатқан мейрамда аса өзекті екенін еске саламыз. Ол қандай мейрам?

15-ші сәуір - Махаббат & Ғашықтар күні. Бұл мереке көк шығып, кең дала сән салтанатқа боялатын көктем мезгілінің қақ ортасынан орын тауыпты. Аталмыш идеяның иесі - Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келеді.

Бір қызығы, 15-ші сәуірде Грузия елі де Ғашықтар мерекесін тойлайды екен. ХХ ғасырдың соңында жергілікті парламент батыс-еуропалық «Әулие Валентин күнінің» орнына осы күнді грузиндік ресми «Махаббат күні» деп жариялапты. Содан бері тап осы күні грузин жігіттері қалыңдықтарына сөз салуды жиілетіпті-мыс.

Бірақ, біздің еліміздегі қыз-келіншектердің келісімін алу оңайға соқпас. Ол үшін жігіт мырзаларға бірінші кезекте гүл сыйлап, көңіл аулауға тура келеді. Мұндағы сізге көмекке келер ақылшыңыз - Сыйлыққа гүл таңдау бойынша 10 кеңес:

1. Райхан – гүлдер патшайымы. Ыстық махаббаттың белгісі – алқызыл райхан – кез-келген қыз үшін жігіт сезімінің сөзсіз күәсі. Бұл гүлді алғаш танысқан кездеріңізде де сыйлауға болады. Кейін, сүйіктіңіздің қандай гүл ұнататынын міндетті түрде біліп алып, мерекеге алдын ала дайындалсаңыз – ұпайыңыз арта түсетіні хақ. Тілге тиек, бір райхан гүлінің құны Астанада 150 теңгеден басталады.

2. Шоғырдағы гүлдердің тез солатыны белгілі. Сондықтан көптеген нәзік жандылар өміршеңдігі ұзақ гүлдерді қалайтыны бар. Мұндай жағдайда Сізге горшокқа отырғызылған гүлдерге назар аудару керек. Бұл ретте, сатушыдан үйде, кеңседе немесе аулада өсірілетін гүлдер туралы сұрағаныңыз жөн болады. Егер гүлді алғаннан кейін жұбыңыз сіз туралы көп ойласын десеңіз, үйдің бөлмесінде оңай өсетін гүлдерді таңдасаңыз – ұтылмайсыз.

Қызықты дерек: Егер кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейтінін ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтапты. Ғалымдар емес, қарапайым танысың айтса, сенбейтін оқиға.

3. Тегіс беткейге жайғаспай, ауа кеңістігінде орын алатын аспалы гүлдерді назардан тыс жібермеген жөн. Егер сіздің сүйіктіңіз креативтілікті сүйетін ерекше жан болса, мұндай амал – сіз үшін таптырмас көмекші. Егер бірнеше гүл горшогын қатарынан сыйласаңыз тіпті тамаша. Бұл кез-келген үйдің де, кеңсенің де сәнін келтіріп, гүл бағында жүргендей ерекше әсер қалдырады.

4. Елімізге шетелден әкелінген экзотикалық гүлдердің сыйлыққа деген қызығушылықты арттыратын қасиеті бар. Себебі... Бұл гүл қалай аталады? Қандай күтімді қажет етеді? Деген сияқты сұрақтар көптеп туындайды. Сондықтан сатып алудан бұрын бұл гүлдің нақты атауы, қай елден келгені, күтім ерекшеліктері сияқты мән-жайларын аңғарып алуыңыз қажет. Бұл ретте лиана тәріздес кез-келген беткейге оралып өсетін өсімдіктерді де ұмытпаған жөн.

5. Гүлдерден бөлек бөлмеде өсе беретін ергежейлі ағаштар мен бұталар да тамаша сыйлық болуы мүмкін. Лимон, мандарин ағашы сияқты өсімдіктер өсу барысында кеңістікке эфир майларын шашырататыны бар. Бұл денсаулыққа да пайдалы әрі ауаны әрлендіруші химиялық аэрозольдардан да бас тартуға тамаша мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында Технология және флористика колледжі бар екен. Мұнда оқушыларды 9 бен 11-шы сыныптардан кейін қабылдайды екен. Назира Сабирова, осы коллеждегі директордың өндіріс жөніндегі орынбасары аталмыш оқу орнын бітірген түлектер 100% жұмыс табатынын алға тартты.

6. Анель атты құрбымызды гүл сатып алып бара жатқан жерінен кездестіріп қалдық. Бас редакторының туған күніне әріптестері гүл сыйламақ болған көрінеді. Иә, достар. Гүл – тек ғашығыңызға емес, әр жақын адамыңызға сыйлауға тұрарлық ғаламат.

7. Азамат есімді жас жігіт те гүл жәрмеңкесін аралап, сыйлық іздеп жүр екен. Өзінің аяғы ауыр жұбайын қуантпақ ойымен хризантема гүлін сатып алыпты. «Жұбайымның қандай гүл ұнататынын білмеймін. Өзіме осы ұнады. Сыйламақ болған гүл үшін ешбір себеп жоқ, жай оны қуантайын деген бетім»,- дейді.

Бұл жағдай – біздің жігіттеріміздің құлағына алтын сырға. Гүлдерді тек айтулы күндерде ғана емес, күнделікті өмірде де сыйлау сіздердің сезімдеріңізді беріктете түседі. Айтпақшы, сүйіктіңізді ренжітіп алсаңыз да, гүл – ең тамаша сыйлық. Оны көрген қыздың жүрегі жылып, көзі жайнай түсетіні рас.

8. Жай гүлдің өзін сатып алғаннан гөрі, көркем дизайнмен әрленген шоғырға қол жеткізген тіптен тамаша. Бір қызығы, мұндай жағдайда жасанды гүлдердің қолданылатын тағы бар. Ол үйге декор ретінде тамаша жарасады. Ойлап көріңізші, оны бағып-қағудың ешбір машақаты жоқ, пайдалану мерзімі сынып қалмайынша анағұрлым ұзақ болады. Балалар және жануарлар жұлып тастайды деп алаңдамайсыз. Бұл – гүлдердің практикалық жақтарының бірі.

9. Гүлдерді сатып алған соң оған өзіңіз де дизайн жасай аласыз. Мәселен, үйіңізде босап қалған аквариум немесе қайық болса, оған гүл шоғырларын әдемілеп орналастыру арқылы қайталанбас композиция жасап шығуыңыз да ғажап емес. Дайын сыйлыққа сіздің де үлес қосқаныңызды білсе, оның құндылығы арта түсетінін өзіңіз де жақсы білетін боларсыз.

10. Егер сүйіктіңіз жер үйде тұратын болса, оған аулада өсетін биік ағаштарды да сыйға тартуға әбден болады. Мұндай жағдайда климаттық жағдайларға назар аударған жөн. Мәселен, Орталық не Солтүстік Қазақстанда қанша пальма өсіргіңіз келсе де, оған қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан ауа райын талғамайтын, қатал суыққа және ыстыққа шыдамды өсімдік түрін таңдаған дұрыс.

Бұл ретте қазақстандық жас архитектор Айбек Алмасовтың ойлап тапқан ерекше идеясын ортаға салайық. Ол кескіндеген үйінің дәл ортасына қарағайдың қылқанын орнатқан. 4 қабатқа дейін биікке өсетін бұл ағаш үйге жағымды иіс берумен қатар, эстетикалық қуаныш та сыйлайды екен. Ал шыны тәріздес қабырғалар кез-келген уақытта қалың орманға көз тігіп, табиғатқа сүйсінуге мүмкіндік береді екен.

Жалпы алғанда, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күнін тойлау алдында өзіңізге де әр түрлі идея келуі мүмкін. Оларды осы жарияланымның астына пікір ретінде жазсаңыз тіпті тамаша.

Сонымен қатар, осы атаулы мереке қарсаңында "Kazakh TV" телеарнасы сайыс жариялайды. Оның шарттары. Қатысуға асығыңыз. Сізге сәттілік тілейміз!

Ал мүмкін сіз гүл өсіріп, бизнес жасағыңыз келетін шығар. Олай болса, «PEOPLE AND ECONOMY» бағдарламасын тамашалауыңызға болады:

 

Сонымен қатар, біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыздар:

Facebook

Vk

Google+

Twitter

Instagram

Youtube

 

4
0
4434