ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Қағазбасты қоғам

Қазір бізде қағазбастылық қаптап кеткендей. Қайда барсаңыз да қағаз. Қаптаған қағаз. Не деген бітпейтін қағаз?

Мектепке барсаңыз: мұғалім қағаздан бас алмайды. Жазу жағына келгенде Лев Толстойдың өзін он орап кететін мұғалімдер бар. Қағаз толтыру бүгінгі қазақ мектептерінің басты нысанасына айналғандай әсер аласыз. Ұстаздың ізденуіне, өз бетінше білімін жетілдіруіне уақыт қалмайды.
Немесе ғылыми-зерттеу институттарына барыңыз: қағаздан көз ашпай қаласыз. Бір қағаздың үстіне бір қағаз. Толтырылып жатқан нәрсенің бәрі қағазда. Ғалымның қағаз толтырудан басқа жұмысы қалмағандай көрінеді.
Қай мекемеге бас сұқсаңыз да қаптаған қағаздан басыңыз айналады.
Бәрі де керек шығар.
Әйтсе де компьютер неге керек? Жұмысты жеңілдетудің бір құралы сол емес пе еді? Компьютер өмірге кіргелі қағазбастылық одан да күшейіп кеткен тәрізді...
Электронды үкімет жасақтаймыз деп жатырмыз. Ол да осы қағазбастылық тасасында қалып қоя ма деген күдік жоқ емес.
«Біреудің уақытын ұрлау - қылмыстың ең үлкені» деп бір данышпанның айтқан сөзі бар еді. Сол айтқандай, жаппай қағазбастылыққа ұрыну арқылы біз бір-біріміздің уақытымызды ұрлап жатқан жоқпыз ба?!.
Қағазды тұтыну жағынан Қазақстан әлемде қай орында тұр екен?..
Біртұтас Кеден одағында болсақ та, Ресей алдағы жылға қағаз құнын тағы да қымбаттатқалы отыр.
Қағазбасты қоғам арқылы біздің қызығымызды басқа біреулер көріп отырған жоқ па?
Қайран, қағаз!?.

Нұртөре ЖҮСІП