ru
Default banner
Qaz
494 жазбалар4 тіркелуші
4

Оңтүстікке сапар, немізбен баймыз, неге кедейміз?

Жамбыл облысы осындай әдемі көрініспен қарсы алды. Таулардың арғы жағында Қырғызстан.

2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының саябақтары ерекше көрінді. Мынау секілді ұлттық нақыштағы мүсіндер көп жерде кездеседі.

Әрине Таразға келіп кеткен әр бір азамат тарихи ескерткіштерге соқпай кетпейді. Қарахан кесенесі - өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан.

Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса исләмды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Бұл кесененің айналасы бұрын үлкен зират болған деседі. Совет заманында жаңа нысандардың құрылысын бастау үшін жойылды. Бірақ құрылыс жұмыстары барысында "түрлі түсініксіз, мистикалық жәйттар, тіпті адам өлімдері болған" - дейді жергілікті жұрт.

Кесененің алдында мынандай мәрмәр тастың үстінде нақыл сөздер жазылған. Келіп кететін қонақтар оқымай кетпейді.

Қазақстандағы ең көне мешіт те осы Тараз қаласында, Қарахан кесенесінің маңында орналасқан Археолог мамандардың айтуынша, бұл Тараз мешітінің негізі ерте діни құрылыс негізінде күйдірілмеген кірпіштен және пахса жүйесімен қаланған. Осыған дәлел, қазба жұмыстары кезінде тиындар, күнделікті тұрмыстың заттары табылған.

Қазір мұнда ниет етіп келетін кісі қарасы көп. Осында тілеген тілектер орындалады. Өз басымнан өткердім. Бұл жерден біз Тараз қаласындағы дәмханаларын сынауға шықтық. Асқазан қамы бізді мынандай жерге алып келді.

Жолдасым Сабит өзін Америкада сезінгендей болды. Жоқ, бұл дендропарк емес, бұл Тараз қаласы түрғындарының сүйікті дәмханасы "Бобур". Мұнда экзотикалық өсімдіктерден бөлек, экзотикалық құстар мен жануарлар бар.

Ал мына жерде, өзіңді керемет сезініп, ұйғыр, өзбек, қазақ, түрік тағамдарынан дәм татуға болады. Баға туралы айту қиын, астаналықтар түсінеді))))). Біз болсақ ары қарай Айша бибі кесенесіне жол тарттық. Мынау 1893 пен 1953 жылдары түсірілген суреттер. Кесенеің кейпі реставрацияға дейін осындай болған.

Кесене туралы Уикипедия келесі мәліметтерді келтіріп отыр. "Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған." Кесененің реставрациядан кейінгі түрі мынандай.

Ескі қабырғаны түсінен ажыратуға болады, басқа терракота іспеттес оюлардан ескі қабырғаның түсі қоңыр.Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған.

Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді.

"Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ." Бұл кесене мен Қарахан кесенесін тіпті Орталық азиядағы Тадж Макалға теңейтіндер бар.

Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған.

Айша бибі кесенесінің жанында оның күтушісі Бабаджа хатун кесенесі орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болып, Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды.

Керемет қазақтың даласы. Сенің әсемдігіңе тең келетін нәрсе бар ма? Сенің топырағыңда жүгіріп ойнадық, доп тептік, қой бақтық. Айылда не істемедік))) Шымкент маңайында түсірдім мына суретті. Тараз қаласында тарихи ескерткіштерді араласақ, Шымкент қаласына келіп жаңа саябаққа соқтық.

Тәуелсіздік саябағы. Студент кезімде мында ел-жұрт Ордабасы деп атайтын қараусыз қалған, жантағы өсіп кеткен төбе болды. Соңғы жылдары Шымкентте саябақтар көбейді. Тіпті бұрың соңды болмаған газондар да пайда болды. Бұрын болмайтын.

Су мәселесі күрделі болған кезінде, қазір шешімін тапты, тіпті мынандай әуенге сай өзгеріп тұратын су бұрқақтары істеп тұр. Ал ауа райы қайнап тұратын Шымкентте бұл субұрқақтарын бассейнге айналдырмасын деген оймен, мынандай тордан қоршау жасап қойыпты.

Шыменттің суына ерекше назар аударған сияқтымын ))) Айтпақшы бір қызықты деректер. Субұрқақтың құрылысына 40 миллион теңге жұмсалды. Әуенді су бұрқақ әдеттегідей классикалық және замануи әндермен су бүркиді. Бірақ қанша күтсем де, Майкл Джексон немесе Леди Гага хиттарын естімедім ))))))

Қазақстанның барлық қалаларында байрағымыз көпшілік жиналатын жерде желбіреп тұрады. меніңше керемет нәрсе.

Дәл осы Тәуелсіздік саябағында қаланың барлық нүктелерінен көрінетін ерекше монумент бар.

Бұл монумент «Алтын шаңырақ» деп аталатын  ел бірлігі тәуелсіздік монументі. Елімізде мекен етіп жүрген барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің барельефі бейнеленген алып гранит тұғырдан 137 тік тіреуден тұратын композиция көтеріліп, шаңырақты ұстап тұр. Ондағы 137 тіреу еліміздегі 137 ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бітімгершілікте өмір сүріп жатқандығын білдіріп тұрғандай.

Осында көргенің арқасында көңіл күйіміз көтеріліп кешкісін жолға аттандық. Жол демекші, ауылым Арыс Оңтүстік өңірді құрылысы қарқынды жүріп жатқан Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралінің маңында тұр. Жолдан құрылыс жұмыстарына күә болдық.

Айта кететін бір жайт, мұндағы ауа райының ыстығына байланысты құрылысшылар жұмысты кешкі 19 00ден татаңғы уақытқа дейін жүргізеді екен. Өткені бетон қатып қалады.

Жолдың шетінде мынандай трос тартылған. Бетон төсейтін машина осы тросты жағалап, жұмыс істейді.

Ал мына темірлері бетонға 40 см сайын салынады екен. Амортизация үшін.

Алып механизмнің ішіне бұл темірлерді 10 минут сайын салып отыру керек. Бетон төсегіш көлікте 10 -15 адам қызмет етеді.

Қуантарлық бір жәйт, арнайы білім алып, осында біздің қазақтың жігіттері көп. Жұмыс орын болса, отбасын асырау да оңай.

Осылай жаңа жол да төселеді. Ыстығы қатты Оңтүстік үшін осы бетон жол өте ыңғайлы, өткені басқа төселінген материалдар жазда еріп кетеді.

Біз ары қарай жолымызды жалғастырдық, ал құрылысшы жігіттер шамдарын жағып жұмыстарын жалғастырды. Бір түнде олар 500 метр жаңа жол бөлігін тапсырулары тиіс.

Біздің сол күндегі сапарымыз осындай әдемі кадрмен аяқталды. Фотоесеп жалғасында  біз көне Отырар, Түркістан және Сауран қалашықтарымен танысамыз. Ерекшеліктеріне тәнті боламыз.

ЖАЛҒАСЫ БАР..... )))))