Қызылордалық полицейлер медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады
Бүгін, 2016 жылдың 17 маусымында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ұжымы өздерінің әріптестері – ішкі істер органдарының дәрігерлерін «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтады. Салтанатты шараға департамент басшылығы мен Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті емханасының қызметкерлері қатысты. Шара барысында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ж.Оспанов сөз алып, халық денсаулығының сақталып, салауатты да саламатты өмір салтын қалыптастыруда ақ халатты абзал жандардың қосқан үлесі өлшеусіз екендігін ерекше атап өтті. «Алдына келген әрбір жанға ерекше ықыласпен қарап, тәні ауырғанда да, жаны ауырғанда да жылы сөзімен, мейірімді ниетімен емдей білетін дәрігерлер қауымына айтар алғысымыз шексіз. Қиындығы көп болғанымен, қайтарымы да, алғысы да мол…
