Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

облыстық «Start up – жыл идеясы» байқауы өтті

22 - 23 қараша күндері аралығында, Жастар орталығында Облыстық «Start up – жыл идеясы» байқауы өтті.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы  60  үміткерлерден түскен жобалардың іріктеу кезеңіне 33-і өтті.

Бірінші кезеңде Әділ қазы алқаларының қатарында: АҚ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту фонды», ҚР ҰҚП «Атамекен», Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдарының өкілдері болды. Нәтижесінде ақтық кезеңге  15 жұмыс жолдама алды.

23 қараша күні өткен қортынды кезеңіне Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев және бірқатар әлеуетті инвесторлар қатысты. Байқаудың бір ерекшелігі егер қатысушылардың жобасы инвестордың көңілінен шыққан болса онда менторлық келісімшартқа қол қойып, жобаның әрі қарай іске асуына ықпал етті.

Өз кезегінде KREM COFEE компаниясының негізін қалаған Александр Гаглоев та осы мүмкіндікті пайдаланып, жобаға қолдау көрсетуге ниет білдіріп, екеуара құжатқа қол қойды.

Жастар орталығы болса өз кезегінде қызық деген 3 жобаға ноутбук сыйлап, жұмыстарының алға басуына ынталандыру ретінде ниетін білдірді.

0
1
1086

«Өмірлік таңдау» республикалық жобасы бастау алды

2017 жылдың 20 қарашасында «Өмірлік таңдау» республикалық жобасы бастау алды. Жоба «Самұрык-Қазына» АҚ - «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірі – ОҚО, Павлодар, БҚО, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында іске асырылады. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Бүгін Ұлттық Академиялық Кітапхана залында Өмірлік таңдау жобасының басталуы жайлы баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры - ресми өкілі Лима Диас, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадьевич Шиповских, мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары, Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы, техникалық және кәсіби білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы, жобаның үйлестірушісі Әждар Дәулет Ғалымбекұлы қатысты. 

Жоба мақсаты – жұмысшы мамандықтар жайлы жағымды пікір қалыптастырып, жастар арасында кеңінен дәріптеу және жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру мен жұмыс барысымен танысу үшін аймақтық кәсіпорындарға экскурсия жасау. 
Жоба аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылатын «Бәсекеге қабілеттілік» пен «Білімнің салтанат құруы» аспектілері тығыз байланысады, сонымен қатар мектеп негізінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша белсенді жұмыс жасалады. 
Жобаны іске асыру уақыты: 2017 жыл қараша – 2018 жыл мамыр. Жобаны іске асыру кезінде, негізгі қажетті мамандықтармен танысу мақсатында мектеп оқушылары жергілікті кәсіпорындарға экскурсия жасайды. 
Жоба аясында 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

7
0
1674

Еріктілер үйіне көмек көрсетілді

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" - дейді дана халқымыз. Осы орайда біз шаңырағы тұғызылып жатқан еріктілерді дамыту орталығына көрсетіліп жатқан көмек туралы айтқымыз келеді. Луначарский көшесі, 5 мекенжайында орналасқан бұл ғимарақа «Интерлайт-ПВ» ЖШС директоры, жас кәсіпкер Андрей Даниленко демеушілік көмек ретінде кабель, жарықшам, розетка және ажыратқыш берді.
Маған «Мейірімділер тобы» келіп көмек сұрағанда ғана еріктілерге жеке ғимарат бергенін білдім, - дейді Андрей Даниленко. – Адамдаға шынайы пейілімен көмек беретін жастарға көмек қолын созудан бас тарта алмадым. Сондықтан «СИП» деп аталатын 100 метрлік кабельдерді, бір жылдан үш жылға дейін кепілі бар жарықдиотды шамдар, розеткалар мен ажыратқыштарды ұсындым.

Мен үнемі Instagram желісінде еріктілердің жұмысын бақылап тұрамын, қыз-жігіттер үлкен құрметке лайық. Мұның бәрі шын жүректен жасалуда. Айта кетейік, «Интерлайт-ПВ» ЖШС 2008 жылдан бері нарықта қызмет етіп жатқан қазақстандық кабель шығарушы «Қазэнергокабель» АҚ-ның дилері. Компанияда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші партиялық ұйымы жұмыс істейді. "Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел болмас" - демекші жастардың бастамаларын қашан да қолдап болашаққа бағдар жасауда нақтылы көмек көрсететін осындай азаматтармен біз қашан да мақтан тұтамыз. Əрі олар жайлы жазудан жалықпаймыз.

1
0
717

Орталықта «Жазу жолы» жастар форумы өтті

Бүгін, Жастар орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жазу жолы» деп аталатын жастар форумы өткізілді.

Форумның шымылдығын Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Саят Бейбітұлы Жүсіпбаев «Жастар ортасында рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру» атты баяндамасымен ашты. Ол өз сөзінде бұл бағдарламаның  маңызды бөлігі жастардың мойнына артылғанын ескеріп, Жастар орталығы осы жолда аянбай жұмыс істеуі керектігін айтты.

Ал, Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Кокина Гүлсара Зейноллақызы «Латын графикасының ұтымды тұстары» тақырыбында ой қозғап, қазақ тілінің кирил қаріпінен латын қаріпіне көшу өзектілігі жайында сөз қозғады.

Жастар бастамалары орталығының жадындағы Арт – орталықтың жетекшісі Мұқашева Әсия Мұқашбекқызы «Жастардың латын әліппесіне көзқарасы» баяндамасында «Біз латын қаріпіне көшпейміз, біз оған ораламыз» деген пікірін алға тартты. Шын мәнінде де біздің жазу тарихымыз бұған дәлел. Ол жөнінде интеллектуалды тарихи саяхат барысында келесі спикерлер айтып кетті.

Спикерлер өз баяндамаларында қазақ тілі графикасын 4 кезеңге бөліп қарастырды. Бірінші кезең қазақ даласындағы алғашқы жазулар жөнінде Бақытхан Оразбек айтты. Ол Орхон – Енисей руникалық жазуларына тоқталып, Білге қаған мен Күлтегін ескеркіштерін еске түсірді.

Екінші кезең – қазақ даласына араб графикасының енуі. Бұл тақырыпта баяндаманы Ауешeв Азамат оқыды. 900 жылға жақын қазақ даласында патшалық құрған бұл жазумен түркі халықтарының бетке ұстары Қожа Ахмет Яссайи дан бастап Алаштың ардақтысы Абайға дейін қолданған.

1912 жылы араб графикасына негізделген қазақ жазуының негізін Ахмет Байтұрсынов салды. Ол әліппеге қазаққа тән төл дыбыстарды қалдырып, тілдік нормамызға жат әріптерді алып тастады.

Ал 20 ғасырдағы латын алфавиті мен кирилица кезеңін Күнтуған Еркебұлан жастарға баяндап берді.  Бұл жоғарыда айтылған «Біз латын қаріпіне көшпейміз, оған ораламыз» деген сөздердің дәлелін келтірді. Ал кирил қаріпі бойынша айтылған маңызды ақпараттың бірі ол бүгінгі біз қолданып жүрген қазақ жазуының нұсқасын Сәрсен Аманжолов сәтті жасап шыққанын тілге тиек етті.

Фoрум соңында жиналған жастар мен спикерлер естелік фото суретке түсті.

 

Ерболат ӘМІРЕ

 
1
0
1003

Жастар орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелрі жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – 14 пен 29 жас аралығында оқу орындарын тәмамдаған студенттерді, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту болды.

Осы жолы жәрмеңкеге 59 мекемемеден 281 бос орын белгіленсе 243 жұмыс іздеуші қатысты. Жәрмеңкенің соңында 228 жұмыс іздеушіні ары қарай жұмысқа тұру мақсатында құжаттары қабылданды.

Бұл қуантарлық көрсеткіш. Қабілеті бар жастар осындай жәрмеңкенің арқасында өз орнын табады деп ойлаймыз. Жастар орталығы қашанда өңіріміздің жастарына бар жағдайды жасауға тырысады.  Бүгінгі жәрмеңкеден қалып қойдыңыз ба? Келесісінен қапы қалмаңыз!

 
1
0
579

Талапты жастарды тани жүрейік

Дана халқымыз «Болатын елдің баласы – ұлтының ұлы, болмайтын елдің баласы – құлқының құлы» дейді. Яки Абай тіліміне айтқанда «Адамның баласы» болған жеткіншек жетіле келе жетістікке жетеді.

Қай ғасыр болмасын, қандай өркениет орналмасын олардың барлығы өскелең ұрпағының өресіне жіті назар аударған. Себебі жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліктілігі – елдің мықтылығы. Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі есімізге оралады. Бұл бізге үлкен жауапкершілікті жүктеп тұрғанымен жас күніміздің әр сәтіне жауап беретімізді де ескеріп тұр.

Осы орайда Жастар орталығы да өз қызметкерлеріне қанша қамқор болса олардың атқарып жатқан ісіне де сонша көңіл бөледі. Олардың жеткен жітістігі мен алған марапатына қуана отырып оларды мадақтаудан жалыққан емес. Алайда кейде сол мадақ пен марапаттан олардың бір күндік еңбегі жайында, күнделікті өмірі жайында ақпарат беріп, жалпылама таныстыру артықтау болады деп ойлаймын. Себебі қара халық атақты алған азаматтың мансабына емес істеген ісіне, еңбегіне қарай қадір құрмет көрсетеді. Сондықтан да біз Жастар орталығында жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге арналған «Талапты жастарды тани жүрейік» атты айдарды жіберіп отырамыз. Бұл біздің әрбір қызметкеріміздің еңбегіне берілген бағасы деп ұғыңыз.

Сонымен айдарымыздың алғашқы киіпкері Жастар бастамаларын дамыту орталығы жадындағы еріктілер орталығының басшысы – Кенжетаева Айгүл Серікқызы.

Айгүл туралы сөз қозғамастан бұрын адамның таңдауы тағдырға қалай әсер ететіні жайында сөз қозғайық. Себебі бұл айдар жас маманға айтылған мадақ емес. Бұл – әр оқырманның бойында шабыт оятып, әрбір жанға жігер сыйлау үшін жазылды. Жалпы өмірге сыйындыратын да, күйіндіретін де басқа түскен қиындық пен сынақ. Кей ғұламалар адамды кірпішке теңейді, күйген сайын қатаяды деп. Меніңше адам күйген сайын өмір сүруге оңтайлану керек. «Адамның күшін – қиындықтан қалай шығатынына қарап біл» -  дейді қытайлықтар. Осыдан түйер ой біздің де кейіпкеріміз аспаннан сап етіп осылай жарала салған жоқ. Ұлы Мазафар Әлімбаев «Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен» дейді. Айгүлдің бүгінгі жетістігі – күндері берген сабақты, жылдары көрсеткен тәжрибені санасына түйіп, әр  уақытын пайдалана білгеннің арқасы.

2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп 2015 жылы үздік тәмамдады. 1 курстан-ақ Жаратылыстану факультетінің «кіші деканы» қызметін атқаруы оның мақсатының айқындалғанын көрсетеді. Осылайша еңбекке құштар бұл қыздың институт қабырғасында жүріп осынша жетістікке жетуі әркімнің қолынан келе бермейтінін ескерген жөн. 4 жыл ішінде Айгүл Серікқызы ПМПИ «Жас отан» жастар қанатының, Дисциплинарлық кеңестің төрағасы, ғалымдар кеңесінің мүшесі, Республикамыздағы «Үздік спикер», «Үздік оратор» болды.

2011 жылы оқудағы жетістіктері мен үлгерімі үшін ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен шыққан «Қазақстан үміті» кітабына  енді.

2014 жылы Қазақстан халықтар ассамблеясының жадынан құрылған «Нұр болашақ» жастар бірлестігінің төрағасы;

2015 жылы ПМПИ «Студенттік басқармасының» Президенті қызметін атқарды.

Осылайша институтын үздік тәмамдаған Кенжетаева Айгүл білім саласында еңбек жолын бастап, Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне дейін көтерілген болатын. «Еңбек - бәрін жеңбек» - демекші оның талабы тағдырын шешіп, еңбекқорлығы ел алдында елеулі етті. Жиырмадан енді асқан жас маманның 7 жыл еңбек өтілі бар. Бұл 7 жылда жиған тергені мол, көрген білгені жетерлік Айгүл бүгінде Жастар орталығының әр қызметкеріне қол ұшын беруге даяр тұратын жандардың бірі. Ол «Жұлдыздың екі түрі болады. Біреуі аспанның төрінде нұрланып тұрса, екіншісінің жарығы жасанды. Өзі кеткеннен кейін ол жарығы да сөніп қалады. Ал шындығында сенің істеген әр ісің, әр сөзің сен кеткенен кейін де жүректерде сақталып, жанарларда жарқырап тұруы абзал.» - дейді. Айгүлдің енді басталған өмір жолы қызыққа толы және бере сабағы мол деп білеміз.

Айгүлдің тағы ел білмейтін өнері – ақындығы. Оның өлеңдері көңіл жылытып, жаныңды шуақтандырады. Негізінде әр саналы азамат өлең – жырға жақын болуы керек деп есептеймін. Ақынжанды адам әлемге өзгеше көзқараспен қарайды, басқаша ойлайды. Бұл өлең жазатын қауымның артықшылығы болса керек. Сондықтан болашақта Жастар орталығы Ай қызының ақпараққа жазылған ақ жырларын да оқитын күн туады деп үміттенеміз.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында қызмет ете жүріп ол жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар қаласының әкімі Әшімбетов Нұржан Кемерұлының алғыс хатымен марапатталды.

«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа» - деген Елбасының сөзін түйінге ала отырып, біз бүгінімізге иеміз, ал ертеңімізге жауаптымыз. Яғни Айгүлдей қызметкерлер Қазақстанның болашағын жасап жатқан жандар. Және біз оларға қарап теңесуіміз тиіс, сонда іргесі қаланған, шаңырағы биік ел боларымыз анық.

ПІКІР

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Айжан Жұмабаева:

"Айгүл Кенжетаева Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы ретінде 2017 жылы қызмет жасады.

Ол еңбек еткен аз уақыт ішінде өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Сауатты жазып-сөйлей алады, дикциясы анық, ой-өрісі, логикалық ойлау мен талдау қабілеті дамыған, ақпарат көздерімен жұмыс істей алатын, шығармашылық иесі деп айта аламын.

Ол заманауи ақпарат құралдарын жетік меңгерген, кез келген тақырыпқа мақала, мәтін жаза білетін маман екенін көрсете білді. Қоғамда қордаланған өзекті тақырыпта мәселе көтере біледі.

Ұжым ортасында белсенді, ашық жарқын мінезімен көзге түсе алды. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым адам.

Айгүл Кенжетаева заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті  маман екеніне сенімім мол."

Ерболат ӘМРЕ

2
0
1178

«Сүйікті Almamater» в ПГУ

В Павлодарском государственном университете акция «Сүйікті Almamater» прошла с особым масштабом!
Бывшие студенты каждого из 8 факультетов приняли участие в акции, выразив благодарность ВУЗу за полученные знания.



Так, выпускник ПГУ, директор ТОО МТУ «Элтел» Сыздыков Адиль передал в дар факультету физики, математики и информационных технологий оборудование (микроконтроллеры) на общую сумму 2 021 915 тенге.
В архитектурно-строительном факультете ожидается открытие учебной аудитории «Лаборатория безопасности жизнедеятельности и экологического контроля», а также в дар факультету передано оборудование – ионометр, психрометр, спектральная установка, оборудование для хромотографического анализа, приставка Крио, газовый хромотограф.
Подарены выпускниками Энергетического факультета Матвеенко Д., Литвиновым С. и Машраповым Н.К. – устройства релейной защиты, устройство плавного спуска и торможения, лабораторный стенд.


Факультет химических технологий и естествознания получил в дар от выпускников научно-учебное оборудование, в т.ч. лабораторное оборудование и посуду, коллекцию минералов и другое.
От имени выпускников факультета металлургии, машиностроения и транспорта планируется открытие специализированной аудитории.
Силами выпускников обновлена и усилена материально-технические базы гуманитарно-педагогического факультета, факультета государственного управления и права, факультета металлургии, машиностроения и транспорта. Так, выпускниками были подарены принтеры, компьютер, кондиционер, расходные материалы и пр.

Амина Кулатаева, ЦРМИ

2
0
824

Пед. колледж түлектерімен мақтанады!

Сүйікті AlmaMater акциясы аясында Б. Ахметова атындағы педагогикалық колледждің түлектері «Математика және оны оқыту әдістемесі» кабинетін ашуға өз үлестерін қосты.


«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, біз өз түлектерімізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз және олардың бұл ісін колледжіміздің студенттеріне мақтанышпен айтып отырамыз. Және тағы бір айта кетерлігі түлектер ашып берген бұл кабинетке Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Елюбаева Қантай Амерханқызының аты берілді. Бұл ардақты ұстазымыздың есімін ел аузында сақтап қалу үшін үлкен көмек береді деп ойлаймыз.» - дейді, оқытушы Салтанат Ақтайқызы.

Осылайша түлектердің арқасында бір емес екі іс өз шешімін тапты. Енді педагогикалық коллдж студенттері арнайы матиматика пәні кабинеті мен қатар облысымыздың ардақты ұстазының да есімін жаңғыртып отырады деген ойдамыз.


Естеріңізге сала кетейік Сүйікті AlmaMater акциясы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүреді. Бұл акция аясында оқу орнының түлектері өз ордасына жақсы сөзден бастап жақсы ісімен де көзге түсе алады.

1
0
1253

«Серпін серпілісі» Петропавлда!

Солтүстік Қазақстанның бұл өңірінде Серпін бағдарламасымен 1191 студент оқып жатыр. Павлодардан келген қонақтарды Петропавлдың жалындаған жастары Абылай ханның резиденциясында қарсы алды. Үш жүздің басын қосқан, ұлтының ұлы тұлғасы болған ханның өмір тарихымен танысқан серпіндіктерді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті күтіп тұрды.
Бұл оқу орнында 866 серпіндік білім алып жатыр.


Университет қабырғасында бізді Солтүстік Қазастан облысы əкімдігінің жастар саясаты мəселелері жөніндегі басшысы Тухватулина Ирина Наилевна қарсы алып, жобамыздың маңыздылығына тоқталып кетті: "Мен сіздермен Мағжан Жұмабаев, Сəбит Мұқанов туған, Абылайдың аяғы тиген, Айғанымның көзін көрген жерде жүздескеніме аса қуаныштымын. Əріптесім Ғабит Хафиз бастаған бұл жоба арқылы Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасын жастар қос қолдап қолдайтынына жəне Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облысының жастары тығыз байланыс орнатып, өңіраралық даму жолында үлкен үлес қосады деп есептеймін. - деді.

Өз кезегінде Ғабит Құрметбекұлы петропавлдықтарға алғысын білдіріп, бұл жобаны енді осы өңірлер де жалғастырса нұр үстіне нұр боларын ескерді.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мұражайымен, абсервоториясымен, жаңа ашылған бассейнімен танысқан жастар көп əсер алды. Іс - шара қазақ тілі жəне əдебиет кафедрасының өнерпаз студенттері ұйымдастырған концерпен аяқталды.

1
0
735

Серпін серпілісі

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Серпін серпілісі" республикалық жобасы Көкшетауда болып қайтты.


Арқаның кербез сұлу Көкшесінде серпіндіктер Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне барды. Бұл ЖОО Серпін бағдарламасымен оқып жатқан студенттердің саны республика бойынша көш бастап тұр яғни 1097 студент оқиды.

Университетте қонақтар серпін студенттерінің тыныс тіршілігімен танысты. Мұражайына барып оқу орнының тарихын білді.
Осылайша қонақжай Көкшеліктерге риза болып серпіндіктер Петропавлға бет алды.

1
0
801