Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.
Спиридонов ауылының әкімі А.Қ. Смағұловқа және «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. М.Б. Қарабұзауовқа қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Егіндікөл ауданы Спиридонов ауылының кіреберіс жолына ағымдағы жөндеу жасаған кезінде «Инвест строй-групп-I» ЖШС-не құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, ЖШС-мен бір көздік тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу туралы негізсіз шарт бекіткен, бұл «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табылады. Қарау нәтижелері бойынша Спиридонов аулының әкімі А.Қ. Смағұловты, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. М.Б. Қарабұзауовты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы С.Б. Акубасоваға, Аршалы кентінің әкімі Қ.М. Шаловқа және Ижев ауылдық округінің әкімі Ж.А. Ахимовқа қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Аршалы кентінен Ижев ауылына дейін автожолдың күрделі жөндеуін ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу кезінде біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін «Валерия ММ» ЖШС-не құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп және басқа да ықтимал жеткізушілерге кедергі жасап, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4), 11) тармақшалардың талаптарын бұзды. Қарау нәтижелері бойынша Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы С.Б. Акубасованы, Аршалы кентінің әкімі Қ.М. Шаловты және Ижев ауылдық округінің әкімі Ж.А. Ахимовты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
Одан басқа, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік тәжірибенің талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері қаралды, олар бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті ұсыныстарды қабылдады.

