ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өткізілді
Ағымдық жылдың 15 желтоқсаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ұжымында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін тойлау құрметіне салтанатты жиналыс өткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Қазақстан – 2050» стратегиясының идеясын және республикамыздың қазіргі заманғы даму тарихын көрсететін «Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең» тақырыбында баяндама оқылды.
Іс-шараға қатысушылар Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы естеліктерімен бөлісті, әрбіреуі өз тарихын айтты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің дәрежесін арттыру бойынша шаралар қабылдау мәселесі қозғалды.