Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үздіктерді – Құрмет тақтасына!

Кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында,  Ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының 2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген «Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерінің Электрондық құрмет тақтасы туралы» Ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметтің қалыптасуына, дамуына және гүлденуіне   жеке үлес қосқан қызметшілердің еңбегін мойындау және оларға көрсетілген құрмет ретінде мемлекеттік қызметшілердің  Электрондық құрмет тақтасы құрылды.

Құрмет тақтасына Департаменттің жанындағы құрамына тәуелсіз сарапшылар енген кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша, облысымыздың мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам қызмет атқарған, жоғары кәсіби біліктілігімен, адалдығымен және қоғамға риясыз қызмет етуімен ерекшеленген  15 мемлекеттік қызметшісі орналастырылды.

Құрмет тақтасы Департамент тарапынан қолданылатын, мемлекеттік қызметтің беделі мен оң имиджін арттыруға ықпал ететін, қызметшілердің кәсіби және шығармашылық белсенділігін ынталандыру нысандарының бірі болып табылады.

Құрмет тақтасы  http://kyzmettoday.kz/ Медиа-порталында орналастырылған.

0
0
2288

Осы тақырып бойынша