Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 14 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысының есебі тыңдалып, Тасқала және Казталов аудандарының лауазымды тұлғаларының тәртіптік істері қаралды. - Алдымен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Миржан Мұнайдарұлы Сатқановтың есебі тыңдалып, басқармамен атқарылған жұмыстары оң баға беріліп, басқарма басшысының есебі қаперге алынды. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне БҚО, Тасқала ауданы әк…

0
0
328

Солтүстік Қазақстан облысында «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Ағымдағы жылғы 15 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» облыстық байқауы өтті. Шараның басты мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік қызметті дәріптеу, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтің оң беделін арттыру болып табылды. Байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау 2016 жылдың 20 мамыры мен 8 маусымы аралығында жүзеге асырылды. өңіріміздің 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілері қатысты. Барлығы 22 үміткер ниет білдіріп, тапсырылған тақырыптарда эссе жазды. Оның қорытындысы бойынша құрамында жеті мүшеден жасақталған кон…

0
0
636

Біз жайлы..

Павлодарлық жастар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Әлихан жолы» жобасы аясында Қазақстан бойынша сапарға шықты, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі. «Біз бабамыздың құрметіне арнап, 8-15 маусым аралығында Әлихан атамыз жүріп өткен жерлерде болып қайтпақпыз. Алғашқы пункт - Семей қаласы болмақ. Себебі, Әлихан Бөкейханов «Алаш» партиясын осы қалада құрған. Қазір еліміздің шығыс өңірінен шығып, оңтүстікке жол тартып барамыз. Амандық болса, 13-маусым күні қазақтың тұңғыш премьер-министрінің туған жері Қарағанды облысының Ақтоғай елді мекеніне келуді жоспарлап отырмыз. Павлодарға 15 маусым күні ораламыз», — деді жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы Ғабит Хафиз Ғабит Хафиз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аяқталғаннан кейін сапар жайлы қысқаметражды фильм түсірі…

1
0
406

Әлихан Бөкейхановтың ізімен

Керекулік жастар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Әлихан жолы» жобасы аясында Қазақстан бойынша сапарға шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews. Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, жобаны ұйымдастырушылардың бірі Ғабит Хафиздің айтуынша, отрядта 25 адам бар. Біз бабамыздың құрметіне арнап, 8-15 маусым аралығында Әлихан атамыз жүріп өткен жерлерде болып қайтпақпыз. Алғашқы барар жеріміз Семей қаласы болмақ. Себебі, Әлихан Бөкейханов «Алаш» партиясын осы қалада құрған. Барған жерде «Ертіс-Баянауыл» аймағының атынан концерт қоямыз. Сосын, оңтүстікке жол тартамыз. Амандық болса, 13-маусым күні қазақтың тұңғыш премьер-министрінің туған жері Қарағанды облысының Ақтоғай елді мекеніне келуді жоспарлап отырмыз. Павлодарға 15-маусым күні ораламыз, дейді Ғабит Хафиз. Әлиха…

0
0
602

Қазақстандық судьялар Германияға жұмыс сапарымен барып қайтты

Ағымдағы жылғы 7-10 маусым аралығында Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) қолдауымен Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы «Тергеу судьяларының өкілеттіктері» бағдарламасы шеңберінде Германияның Берлин және Потсдам қалаларына жұмыс сапарымен барып қайтты. Қазақстандық делегацияның құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Роза Жакудина, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко, Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Мергенова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Нұрмаханбет Елемесов және Алматы қаласы аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов кірді. Сапар шеңберінде қазақстандықтар Бранденбург өлкесінің Полиция басқармасының өкілі, «Құқық» бөлімі штабының жетекшісі Бернд Кальтхоффпен, Әділет және тұтушылардың құқ…

0
0
362

«Өзіміз шәй ішейік». Чайные традиции народов исторического Туркестана

«Если пиала горячего напитка обожгла только тело, значит, вы пили воду. Ибо чай согревает и душу». Абай Кунанбайулы Эти слова известного казахского мыслителя поймут настоящие любители чая из нашего региона. Как казах и человек, интересующийся культурой народов нашего региона, я не являюсь исключением и очень люблю пить чай. Мой день начинается с утра с чашки бодрящего чая с молоком, так и перед сном в кругу семьи пью свежезаваренный этот горячий напиток. Это не удивительно, ведь у народов Центральной Азии чаепитие является частью любого застолья. Поэтому решил сделать обзор по чайным традициям и обычаям народов исторического Туркестана, куда входят страны Центральной Азии, а также Синьцзянь в Китае. _____________________________________________________________________ ЧАЙХАНА Не зря именн…

Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

Қазақстан Республикасының Әскери соты бейнебайланыс арқылы Семей қаласының әскери қызметшілерін және қала тұрғындарын қабылдауды өткізді. Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар Семей гарнизонының әскери сотына келіп, арнайы дайындалған залда ҚР Әскери сотының төрағасына өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараға 30-ға жуық азаматтар келіп қатысты, соның ішінде қазіргі әскери қызметшілер, отставкадағы зейнеткер әскери қызметшілер, әскери бөлімдердің заңгерлері, әскери құқық қорғау органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. Іс-шара барысында әскери қызметшілер тұрғын-үй және еңбек қатынастары бойынша, заңнамалардағы өзгерістер және сот жүйесінде Ұлт Жоспарының орындалу барысы жөнінде сұрақтар қойды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыла…

0
0
525

Неге қазақ халқы имам Әбу Ханифа мазхабын ұстанады?

«Адамнан бәрін жасауға болады. Тек оның әлсіз жерін таба білсеңіз болды» Адольф фон Книгге. Ақтөбеде орын алған қайғылы жағдай біздің қоғамда сенім мәселесі аса ушығып тұрғанын көрсетті. Былай қарағанда, имамдар мен дінтанушылар, тарихшылар мен басқа да идеология саласының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Дін мен дәстүр мәселесіне қатысты түрлі жиындар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр. Бірақ жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ойдағыдай емес. Ендеше жұмыс тәсілін өзгерту керек. Мүмкіндігі болғанынша, елді мекендерге шығып, ауыл клубтары немесе мектеп залдарында тұрғындармен тікелей кездесу өткізген тиімді. Жергілікті телеарналарда дін мен дәстүр төңірегінде жиірек дөңгелек үстелдер өткізілгені абзал. Ең бастысы, тыңдарманды жалықтырып алмау жағын ойлау керек.. Сондықтан б…

0
0
1942

TOiBiZNES.kz — Еуропа және ТМД-ның таңдаулы жобалары тізімінде

TOiBiZNES.kz — Еуропа және ТМД-ның таңдаулы жобалары тізімінде

TOiBiZNES.kz еуропалық AlphaGamma бизнес-порталының мәлімдеуінше ең табысты стартап-жобалары тізіміне енді. Портал парақшасының бір айлық шолуында  біздің жоба Еуропа және ТМД елдерінің келешегі зор деп танылған ең таңдаулы жобалары арасынан орын алып отыр.

Жарияланған жобалар тізімімен толық танысу үшін:www.alphagamma.eu/entrepreneurship/alphagamma-startups-overview-june-2016/

0
0
351

БҚО МКҚБ-дағы семинар-кеңес

 

2016 жылдың 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаменті өкілдері қатысушыларды еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді.

Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

0
0
483