Оралда бос орындар жәрмеңкесі өткізілді
2016 жылдың 21 маусымда Орал қалалық Жастар мәдениет үйінде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге облыстағы 51 жұмыс беруші қатысып, 376 бос орын ұсынды.
Жәрмеңкенің жоғары және арнаулы-орта оқу орындарының түлектеріне арналған барлық саласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, басқарма басшысы В.Масимова қатысты.
Жәрмеңкеде азаматтарға мемлекеттік қызметке орналасу жолдары, мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өту ережесі бойынша жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының түлектеріне толық түсіндіріле отырып, тестілеу бағдарламалары үлестірілді.
Түлектер өз тараптарынан мемлекеттік қызметке қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта мемлекетке қызмет етуге ынта-жігерлерінің мол екендіктерін білдіргендігін атап өткен жөн.
