Мобильді ЖҚКО өз жұмысын жалғастыруда
2016 жылдың 20-21 маусым аралығында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі келесі аудандық Жастар орталықтарында Мобильді ЖҚКО өткізді:
- Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-сі;
- Качир ауданы ішкі саясат бөлімінің «ALDASPAN» жастар орталығы» КММ-сі;
- Железин ауданы ішкі саясат бөлімінің «АЙБАТ» жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі.

Кездесу екі бөлімде өткізілді: ресми бөлім және сервистер бойынша кеңестер.
Ақпараттық бөлімде Дүниежүзілік Банк бағдарламасы түсіндірілді. Жұмысты түсіндіру барысында екі бейнеролик көрсетілді.
Екі күндік мобильді ЖҚКО нәтижесінде жалпы 70 адам қамтылды.

