Мейрамбек синдромы. Қазақтар Баян Есентаеваны қадірлей бастайды ма?!
Екі апта бұрын елімізді дүрліктірген оқиға аймағымыздың барлық арналарынан беріле бастады - қазақ қыздарының "үміті", еліміздегі ең танымал ханым Баян Есентаева ауруханаға түсті. Бұған дейін "Баянның жақтастары" мен "Баянды жек көрушілер" болып бөлінетін халық. Есентаева ханымның осындай жағдайға түсуі ешбір жанды ойландырмай қоймады.
Мен оның жобаларынан Мейрамбек қатысқан "Ғашық жүрегін" ғана көрген ем, "Қазақ аруына" бір рет көрермен болып бардым, оның өзі тегін билет болғандықтан. Былайша айтқанда, үлкен фанаты болған жоқпын, алайда, дәл Баяндай Қазақстанда жемісті еңбек еткен продюссердің жоқ екеніне көз жеткізгендеймін ойлана келе. Иә, қазақтың басынан бұндай оқиға өткен еді.

Бір кездері "Мейрамбек тәкәппар болып кетті", "ішімдікке салынды" дегендей сыбыз ақпарат көбейді. "Халықтың махаббаты бір инфоповод". Оның танымалдылығы, оның "көп" болуы халықты жалықтыра бастағандай. Сондай күндердің бірінде, ұмытпасам, 2008 жылдың басында басылымдар мен кей теледидарлар Мейрамбектің қатты сырқат екенін тарата бастады. Кеше ғана Мейрамбекті қарғаған жұртшылық мазасызданып, махаббатын қайта жанданған. Бүгінгі күнге дейін Беспаев айрықша махаббатқа, сыйластық пен халықтың ілтипатына бөленуде. Бұл жағдай адамдардың аузында "Мейрамбек синдромы" деп сақталды.
Баянды да осындай халықтың махаббаты күтеді ме?!

P.S: Бұл жазба @Orkenzhebekпен болған әңгімеден түйілген ой арқасы, негізі жазбас ем, алайда @niyazov мырза "ювижнге" шақырған соң, осы арқылы өзімізді дамыту мүмкіндігі бар екенін түсіндім, әлі талай жазамын деп жүрмін. Күтіңдер, һәм хабарын беріп отырыңыздар.
Ернар Сейтахмет
