Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіл

Жақын болашақта еліміз үлкен өзгерістер кезеңіне аяқ басады. Мұның бәрі мемлекеттің басқа елдермен қазір жасап жатқан етене қарым - қатынасының нәтижесі болмақ. Мемлекеттер арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыс, ел халқына жаңаша талаптар қояды. Дамыған  30 елдің қатарына қосылу үшін, болашақ ұрпақ саналы әрі жан-жақты болуы тиіс. Бұл тұрғыда бірнеше тілді меңгерудің алар орны ерекше. Тіл – ғылымның  терең тұңғыйғына жетер жолдағы асыл құрал. Сонымен қатар, тіл шетелдік мамандармен ой және тәжіребиемен алмасуға үлкен мүмкіндік береді. Бірнеше тілді меңгерген халықтың халықаралық ортада бәсекелестігі бірнеше есеге артатыны рас. Өз кезегінде, үштілділік бағдарлама, қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылатын, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды көздейді.

 
1
0
290

Осы тақырып бойынша

Тіл - Yvision.kz