Облыс көлемінде «Борышкер-2016» жедел-профилактикалық іс — шарасы өткізіледі
2016 жылдың 5 айы ішінде облыс көлемінде әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 501 млн. 077 мың 166 теңгеге айыппұл салынып (2015 жылы - 484 млн. 629 мың 315 тенгеге айыппұл салынған), оның 275 млн. 297 мың 859 теңгесі өндірілген (2015 жылы – 207 млн. 640 мың 261 тенге өндірілген), яғни 54,94 пайызды құрады (2015 жылдың 5 айында 42,85%).
Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында, 2016 жылдың 23 – 25 маусым аралығында облыс көлемінде «Борышкер-2016» жедел профилактикалық іс-шарасын ІІД ӘПБ мен Жергілікті полиция қызметімен өткізіледі.
Іс-шара өткізу барысында жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, мемлекеттік сот атқару өкілдерін, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП өкілдері жұмылдырылады.
ІІД Баспасөз қызметі
